Дәріс №7Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті (VI ғ. – ХІІІ ғ. Басы) Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата22.10.2023
өлшемі437,87 Kb.
#187408
1   2   3
Байланысты:
b0397d3a356e72140a5f1803af7eebb2 1
политология, 6 ТОП, Философия 8, Философия, Философия 3, Дәріс 3 Материялық нүкте динамикасы, Әзима психология срс 4, 4ке, Силлабус 2022, Социология срс-6 Алтынбек Сабина 2, @reallygreatsite, психология, сөж5, Эссе
 4 Ғалымдар мен ойшылдар
 
Орта ғасырларға мәдениет дамуының куәсі-фәлсафашы, әрі әмбебапшы ғалым Әбу 
Насыр Мұхаммед Әль-Фарабидің ғылыми мұрасы. Ол философия, математика, геодезия, 
архитектура және музыка теориясымен айналысып, әдеп саласындағы зерттеулермен 
танымал болған. Оны Аристотельден кейінгі мұсылман шығысында «Екінші ұстаз» деп 
атаған. Әль-Фараби 870 жылы Отырар (Фараб) қаласында туған. Ол 950 жылы Дамаскі 
қаласында дүние салды. Әль-Фараби шығармалары араб тілінде жазылған. Бізге оның 160-
тан астам еңбегі танымал. Оның философиялық, әлеуметтік-экономикалық логикалық 
трактаттары жеке басылым болып шықты. 
Х-ХІІ ғғ. Түрік тілдес әдебиеттерінің өкілі Жүсіп Баласағұн. Ол 1069-1070 ж. 
«Құдадғу білік» поэмасын жазды. «Құдадғу білік» 6520 бөлімнен (85 тараудан) және 
қосымша 124 бөлімнен тұрады. Поэма кіріспесінде ол «бограхан тілінде, түрік сөздерімен 
жазылған» деген. «Құдадғу білік»-этникалық-моральдық трактат, яғни ғылыми шығарма 
ғана емес, ол қоғамның ережесін суреттейтін өсиеттер мен тағылымдар жинағы болып 
табылатын философиялық-дидактикалық шығарма. 
Ортағасырлық ғалымдар ішінен Махмуд Қашқариды ерекше атап өту керек. М. 
Қашқари бастапқы білімін Қашқарда алады, кейін өзінің білімін көтеру үшін Бұхара мен 
Нишапурдан білім алады. Ол тілдерді оқуға қызығушылық танытып, ауыз әдебиетіне 
ерекше көңіл бөліп, әрбір түрік тайпаларының қоныстанған жерлерін аралап сапар шеккен. 
Түріктердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін әдеп-ғұрыптарын 
жазып алады. Зерттеулерін жинақтап 1072-1083 ж. «Диуани лұғат-ат –түрік» (түрік тілінің 
сөздігі) деген еңбегін жазады. Бұл еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық 
өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады. 
Орта ғасырларда түріктің суфизмнің басшысы, ойшыл ақын Қожа Ахмет Иассауи 
өмір сүрді. Оның өмір сүрген уақыты әртүрлі беріледі (73 жас, 85 жас, 125 жас). 1166 ж. 
қайтыс болғаны нақты белгілі. Оның қыпшақ диалектімен түрік тілінде өлеңмен жазылған 
«Диуани-и-хикмет (Домалақ ана) еңбегі сақталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет