Дәріс №8 Дамуындағы психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет ететін әртүрлі санаттағы балалармен жұмыс жүйесі



бет4/6
Дата22.11.2022
өлшемі57,42 Kb.
#159425
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 лекция

Мектепте ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға қолдау (көмек) көрсету.

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) – әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі.
Мектеп ортасын даярлау
Инклюзивті мектеп ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды сақтауды көздейді:

  • оқушының мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір оқушыны теңдей қабылдауы;

  • білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету;

  • ЕБҚ бар оқушының жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын анықтау;

  • ЕБҚ бар оқушыны оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу;

  • оқушыға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану.

Инклюзивті орта құру бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі:
а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды көзқарасы;
б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі академиялық табыстылығы;
в) оқушының әлеуметтік бейімделуі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары:

    • психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру;

    • білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау;

    • мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау;

    • мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау;

    • мектеп қауымдастығын дайындау;

    • одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.

Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру мектеп құжаттамасына (мектеп жарғысы, мектепті дамыту жоспары және т. б.) қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оқушыларға қолдау көрсету нәтижелерін тіркейтін ішкі нормативтік актілерді жасауды және үдерісті реттеуді болжайды.
Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, педагог- ассистент):

  • оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді;

  • тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды;

  • зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды;

  • оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламаларын жасайды;

  • оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді;

  • мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді;

  • психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады;

  • әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды.

ППҚк мамандары мектептің педагогикалық кеңесінің құрамына енгізіледі. Олардың педагогикалық кеңестің жұмысына қатысуы оқушылардың үлгермеушілігінің және мінез-құлқының бұзылу себептерін анықтауға және оларды жеңу тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында мамандар жоспарлы түрде мұғалімдерді оқытудың арнайы әдістері және тәсілдерімен, жеке және сараланған тәсілдердің технологиясымен таныстырады.
Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы келесі принципте құрылады:
а) бағалаудың кешенді (пәнаралық) тәсілі: медициналық мәліметтер мен баланың әлеуметтік-психологиялық даму тарихының зерттелуі, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы және әлеуметтік педагогпен) тексеруі;
б) жүйелі және біртұтас тәсіл: оқыту қиындықтарының пайда болу себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін бастапқы (жетекші) және қайталама қиындықтардың арақатынасын белгілеу;
в) оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерттеу: оқыту процесінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандырудың және олардың пайда болуының мониторингі;
г) командалық жұмыс негізінде:
- ЕБҚ мен мектепте оқытудың қиындықтарын анықтау мен бағалауға қойылатын бірыңғай амал мен талаптарды сақтау;

    • бірыңғай құндылықтарын ұстану: оқушының жеке тұлғасына деген құрмет, оның ішінде отбасы берген бала туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауды болжайды;

    • білім беру үрдісінің қатысушылардың ынтымақтастығы өзара құрметті және сенім артуы: мұғалімнің, маманның, ата-ананың және баланың;

    • қолдау көрсету мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу. мектептің ағымдағы жағдайын талдау мен бағалауды мектеп әкімшілігі

және ППҚк мамандары төмендегі көрсетілген мақсаттар үшін жүргізеді:

    • ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетуге мектеп ұжымының дайындығын зерттеу. сауалнама, сұрақтар, әңгімелеуді қолдану;

  • ерекше білім беру қажеттілігі әлі айқындалмаған оқыту қиындықтары бар балаларды анықтау.

Мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау. Мектеп әкімшілігі инклюзивті білім берудің принциптері мен құндылықтары, оқушыларды оқыту қиындықтарының көріністері мен себептері, оқытудың бейімдік әдістері, оқушыларға жеке әдістер технологиялары, жеке және қысқартылған оқу бағдарламаларын құрастыру әдістері туралы педагогтардың ақпараттарын арттыруға бағытталып, ұйымдастыруы тиіс. кәсіби дайындық біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстарға, конференцияларға және т.б. іс-шараларға педагогтардың қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп қауымдастығын дайындау мектеп әкімшілігі мен ппҚк мамандарының педагогикалық ұжыммен, оқушылармен, ата-аналармен толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында алдын ала және ағымдағы жұмысын болжайды. әңгіме, семинарлар, дидактикалық ойындар, әлеуметтік роликтерді қарау, кинофильмдерді, мақалаларды, кітаптарды талқылау сияқты жұмыс түрлері қолданылады.
Одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу қосымша ресурстар ретінде мектеп әкімшілігі, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары жүзеге асырады. мұндай әріптестер арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары (пмпк, ппкк, арнайы мектептер), ғылыми- зерттеу орталықтары, зертханалар; жоғары оқу орындары; қоғамдық ұйымдар; ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының ұйымдары, басқа да мүдделі ұйымдар мен тұлғалар бола алады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әрбір маманының жеке-дамытушылық жұмысының басты мақсаты - баланың құрдастарымен бір сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламасын меңгеруге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. мамандардың міндеті дамытушы жұмысты өз әдістері мен тәсілдері арқылы, соның ішінде қысқартылған (бейімделген) білім беру бағдарламасын меңгерту үшін зиятының, сөйлеу, әлеуметтік-коммуникативтік және жеке дамудың жеткілікті деңгейін (міндетті емес нормативтік) қамтамасыз ету.
Психологпен, логопедпен, әлеуметтік педагогпен жеке бағдарламалар жасаған кезде, психологиялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптерінен (жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу, іс-әрекеттік тәсіл және т. б.) басқа, келесі принциптерді ұстану қажет:

      1. сыныптағы оқу қиындықтарын жеңуге жеке-дамыту жұмысының бағыттылығы. логопед ең алдымен оқу пәндері бойынша бағдарламаны меңгеруге кедергі келтіретін сөйлеу дамуының бұзылыстарын түзейді. психолог мектеп дағдыларын меңгеруге кедергі келтіретін психикалық

функцияларының дамуы бойынша жұмыс істейді: жазу, оқу немесе есеп және т. б. арнайы педагогтың міндеттері мектеп бағдарламасының қандай да бір бөлімдерін меңгерудегі проблемаларды толықтыру, оқушыны күрделі оқу материалдарын меңгеруге дайындау, оқу қызметінің құрылымдық компоненттерін қалыптастыру болады.

      1. тұлғалық бағдар және жеке тәсіл: баланы тек проблемалары мен бұзылымдарына қарай емес, сонымен қатар өзінің қажеттіліктері мен уәждері, сондай-ақ даму үшін жеке ресурстары бар белсенді тұлға ретінде қабылдау. мамандардың міндеті-баланың қажеттілігін ескеру және оқыту қиындықтарын жеңу мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. Бағдарламаны жасау кезінде баланың әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар күшті жақтарын да ескеру, оның мүдделері мен қызығушылықтарына сүйену.

Бұл приниципті іске асыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет:

  • бағдарламаның оқушы үшін қол жетімділігі; оның міндеттері баланың жақын даму аймағы ескеріле отырып қойылуы тиіс;

  • оқу мен мінез-құлықтың қиындықтарын жеңуге ғана емес, оларды тудыратын себептерге де бағдарлануы;

      1. әлеуметтік, коммуникативтік бағыттылығы баламен жұмыс істеудің негізгі тәсілі ретінде; күнделікті өмірде қалыптасқан дағдыларды пайдалану қажеттілігін сезінгенде жағдайлар құру, жаттығулар, белсенділікті ұсыну: білім алу, ойында, қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік әрекеттесуде;

      2. баламен жұмыс істеу бағыттары мен әдістерінің дербес таңдалуына қарамастан, түрлі профельдегі мамандар мен сынып мұғалімінің жұмыстағы мақсаттарының, тәсілдерінің, талаптарының сабақтастығы мен бірлігі. психологтың, логопедтің немесе арнайы педагогтың кәсіби әдістерінің барлығы баланы оқытудың нақты қиындықтарын жеңуге бағытталуы тиіс;

      3. ата-аналарды дамыту жұмысына белсенді тарту. Осы принциптерді іске асыру үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:

  • өмірдің түрлі салаларында баланың әлеуетін, күшті жақтарын және проблемаларын жақсы түсіну үшін ата-аналардың пікірін есепке алу;

  • балаға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу үшін ата-аналармен әріптестік қарым-қатынасты және ынтымақтастықты дамыту;

  • дамыту жұмысының бағдарламасын әзірлеу кезінде ата-аналардың сұранымын есепке алу;

  • ата-аналарды үй жағдайында мамандардың ұсыныстарын орындауға (үй тапсырмалары) ата-аналардың мүмкіндіктері мен ресурстарына сүйене отырып және отбасы туралы мәліметті біле отырып тарту.

Әрбір бала үшін бағдарламаның әзірленуі оның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке әдістерді, тәсілдерді таңдауды және пайдалануды көздейді. әрбір маман жеке зерттеу негізінде қандай бағыттар бойынша жұмыс істейтін, қандай әдістер мен тәсілдерді пайдалануға бола- тынын өзі шешеді. маман психологиялық-педагогикалық жұмыстың адекватты әдістерін таңдау, баламен өз жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін заманауи және инновациялық психологиялық-педагогикалық техно- логияларын (арнайы және баламалы әдістерді) білуі және жақсы меңгеруі тиіс.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет