ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ КӨП АСПЕКТІЛІ
МҰҒАЛІМНІҢ МОДЕЛІ
Кабимолдина А.К.
Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы, п.ғ.м
«М.О.Әуезов атындағы педагогика колледжі» КМҚК
Семей қаласы
“Мұғалім! Егер сен өз тәрбие әдістемеңді
гуманистік бастаумен жетілдіріп,
жаңалаймын десең, өзіңнің бір заманда
оқушы болғаныңды ұмытпа! Осыдан, өз
шәкірттеріңді басыңнан өткен азаптарға
кезіктіре көрме”
Ш. Амонашвили.
Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Мұғалім барлық уақытта да еліктеу үлгісі болған. Оған қарап жас ұрпақ өмірлік бағыты мен іс-әрекет бағдарын таңдаған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы бағыттарды жүзеге асыру барысында "Қазақстанның артықшылығы - халық сапасы, адам ресурстары. Біз өзіміздегі баға жетпес капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік жағдайлар туғызуымыз қажет" деп баса айтып көрсеткен болатын.
Қазіргі таңда білім беру мәселелері жалпы әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелердің бірі болуы өркениеттің дамуының білім беру сапасымен тікелей байланысты. ҚР "Білім беру" мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту үрдісін жаңа технологияларын енгізу арқылы кәсіби сапалы мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.Жаңаша ойлайтын мұғалім міндетті түрде жаңа бағыттағы идеялар, технологияларды меңгеруді және сол білімдарлық тенологияны меңгеруге дайын болуы керек.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында көрсетілгендей білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру талабы қойылып отыр. Заман талабына сай болу үшін еңбек сүйгіш аздық етеді. Білім берудегі жеке тұлғаны дамытуда, дана және дара ойлай алатын дарынды бала қажет, осы қажеттілікті орындау мақсатында қазіргі қоғамның талабына сай мұғалімнің мынандай қабілеттері бойларында болуы тиіс.
қолданбалы қабілет
хабарлау (сөйлеу) қабілеті
құра білу қабілеті
психотерапевтік немесе перцептивті қабілет
педагогикалық (академикалық немесе дидактикалық) қабілет
қарым-қатынастық (коммуникативтік) қабілет
ұйымдастырушылық қабілет
гедоникалық (жоғары дәрежедегі қанағат) қабілет
рухани-эстетикалық қабілет
діни қабілет
Қолданбалы қабілет - оқытушы өз мамандығына тікелей қатысы жоқ түрлі спорт, шахмат ойындарымен, көркем өнер, бейнелеу өнері және өнер туындыларымен айналысып, оқушыларды қызықтыра білуі тиіс.
Хабарлау (сөйлеу) қабілеті - оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруда шешуші орын алады. Себебі, педагогикалық қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Сондықтан ол қатынас құралы ретінде қарастырылады.
Құра білу қабілеті - оқу-тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру, оқу мен тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, терең ойлап, педагогтік тапқырлықты дамыту.
Психотерапевтік немесе перцептивті қабілет - оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті оқытушы оқушыларда болатын психикалық жағдайды (ренжу, сабаққа дайындықсыз келу т.б) бірден байқайды.
Педагогикалық (академикалық немесе дидактикалық) қабілет - оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу, олардың білім дәрежесін, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дам ыту, өз пәнін өте жақсы білу.
Қарым-қатынастық (коммуникативтік) қабілет - оқытушының педагогикалық үрдістің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі.
Ұйымдастырушылық қабілет - оқу-тәрбиеге байланысты міндеттерді орындауда оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру, белсенділермен жұмыс істей білу, оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне басшылық жасау, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс істеу, оқушыларға педагогтік ықпал жасайтын құралға айналдыру, оқытушы өз жұмысын ұйымдастыра білу.
Гедоникалық (жоғары дәрежедегі қанағат) қабілет - оқытушының оқушымен қатынасы арқылы екеуі де үлкен қанағат алуы, рухани сезімге баюы.
Рухани-эстетикалық қабілет - адамның толқу сезімін, әсіресе қорқыныштан пайда болған сезімді басу қабілеті. Бұл ұстаз бен шәкірттің арасындағы байланыстан туындайды.
Діни қабілет - оқытушы мен шәкірттің діни қағидаларға, өсиеттерге сүйене отырып қатынас жасау жолы.
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
ХХІ ғасыр - ғылым ғасыры. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру - білім беру мен тәрбие мемлекеттік істің ең маңыздысы. Көрнекті педагог А.С. Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, баланың дамуының екі түрі ортасы болатыны жайында теория ұсынған. Бірінші ортасы - айналасындағы үлкендердің әсерінен өз қабілетіше еркін атқара алатын іс - әрекет болса, екінші ортасы - сабақ үстіндегі әрекеті.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілерінің бірі - берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.
Міне, осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде мұғалімнің жаңашылдығы яғни қазіргі терминмен айтар болсақ, құзіреттілігінің алатын орны ерекше. Ал, құзіреттілік - тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне
сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы.
Н.С. Розовтың пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:
1. Мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің барлығын көрсетеді: бұл контекстік аясына осы сияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;
2. Проблемалық-практикалық аспект, бұл – осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;
3. Коммуникативтік аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейінің барлығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі қоғамның талабына сай педагогикалық технологияны, педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты, оқытушының жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық үрдістің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі.
Педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады:
педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады: өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;
мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.
Жақсы мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жаңашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп ссептеледі.
Оқу-тәрбие барысында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалық практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің 50 елінің қатарына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын асқақтатар білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – біздің алдымыздағы ең басты міндет. Ал ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік тәрбиесінің маңызы қай қоғамда, қай кезеңде болмасын күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Оған дәлел Аристотельдің «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» — деген сөзі дәлел.
Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.
Кез келген технологияны сабақтарда қолдану тек қана оқытушының сабақты өткізуге тиімді жолы ғана емес, жалпы технологиялар - көзделген нәтиженің орындалу кепілі, нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы, сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы, жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы, оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы болып табылады.
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Ұстазжолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.
Сонымен қорта келе қазіргі заман талабына сай көп аспектілі мұғалімнің моделін былай тұжырымдауға болады:
Адами сапалар
(человеческие качества)
|
Кәсіби құзіреттілік
(профессиональные компетенции)
|
Өсудің даму сатылары
(ступени роста)
|
1. Жан ашу сезімі. (оқушыға деген «қонақжайлық». Оқушыға деген алаңдаушылық пен оны түсіне білуі.) Кикілжіңге түспеушілік.
|
1. Жобалау іс-әрекеті:
- мақсатын және міндеттерін тұжырымдау,
- мақсатқа қарай оқу-тәрбие үрдісін құрастыру, - сапасын өлшеуші материалдар
- жұмыс бағдарламасын, календарлық-тақырыптық жоспар,оқу-әдістемелік кешен, сабақ жоспарларын әзірлеу.
|
Жоғарғы санат.
1. Авторлық статияларды ойластыру және өз жұмысын жүзеге асыру. Шеберлік мектеп (мастер-класс)
|
2. Жеке тұлға имиджі: Вербалды және вербалды емес қатынаста – мінез-құлық пен киім киюдің үйлесімділігі.
|
2. Зерттеу іс-әрекеті:
- ақпараттық мәдениет;
- педагогикалық зерттеу;
- факултативті курстарға кіріктірме жұмыстары;
- оқушылардың ғылыми ұйымы, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, үйірмелерге жетекшілік жасау.
|
Бірінші санат.
2. Жекелей шығармашылыққа жақындау. (заңдық сабақтарды жүргізу).
|
3. Жауапкершілік. Ең алдымен өзіне, содан кейін өзгеге талап қоюда әрқайсысының орнын (қашықтықты сақтай) білу.
|
3.Шығармашылық ойлау іс-әрекеті:
- аналитикалық операциялардың орындалуы;
- технологиялық әдістердің, формалардың себептік таңдауы,
- оқулықтағы әртүрлі деңгейдегі тапсырмалардың құрылуы,
- оқу-тәрбие үрдісінде өзін-өзі тануы және өзін-өзі жетілдіруі.
|
Екінші санат.
3. Бағдарламалардың мақсатты талаптарын іске асыру.
|
4. Нық сенім.(Өзіне және болашағына деген сенімділік). «Мен концепциясы».
|
4. Ұйымдастырушы- басқарушылық іс-әрекеті:
- ұжымның дамуы және заңдардың жүзеге асыру құрылымы,
- топтағы балалардың өнерді меңгеруі,
- оқу-тәрбие үрдісінде өзара қарым- қатынастың құрылуы.
|
Бастапқы бағыт
4. Өңделген үлгі негізіндегі кәсәби іс-әрекет.
|
5.Жоғарғы азаматтылық. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет. Қазақстан Республикасының нышандарын мойындау. Көпшілікке деген мәдениеттілік.
|
5. Арнайы дайындық.
- пән бойынша құрылымдық-жүйелілік білімі,
- басқа пәндердің негізгі пәндермен байланысы,
- адамтану және кәсіби пәндер,
- білім берудегі менеджментпен танысу.
|
5. Құрылым бойынша педагогикалық іс-әрекет.
|
6. Салауатты өмір салтын ұстану. Психологиялық және физикалық төзімділік. (денсаулық сақтау)
|
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұртаза Бұлұтай. «Көптілдік полимәдениетті тұлға тәрбиелеу - заман талабы»//Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану №12. 2009ж.
2. Сайын Борбасов. «Тұлғаның ізгілікті бағдарын қалыптастыруды әлеуметтендіру» //Кәсіби құндылық бағдары "Мектеп" № 10. 2011ж.
3. Ұ.Асқарова., И.Әбдікәрімов «Ұлттық тәрбие»// Қазақстан мектебі №7. 2014ж.
4. С.Қалиев.,Ш.Майғаранова,. Г. Нысанбаева. Тәрбие хрестоматиясы.- Алматы, 2011, 331- б.
5. Пекелис В. "Адам қабілетінің қайнары." Алматы .1976. 196 - б.
6. "Қазақстан 2050 стратегиясы:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты " 2012ж. 24- б.
7. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық //Әдіскер-методист№3. 2013ж. 24-31 беттер.
8. Аметова Л. А. «Қазіргі білім беру жүйесінде рухани – адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру - қоғам қажеттілігі» //Қызықты психология №6. 2015ж.
9. Ғаламтор материалы, http://kk.wikipedia.org
Достарыңызбен бөлісу: |