Дәріс №9-10
Хромосомдар кариологиясы. Адамның қалыпты
кариотипі. Цитогенетикалық әдістер.
Хромосомалардың жіктелуі.
Организмдердің әрбір жеке түріне тән тұрақты хромосомалар жиынтығы болады оны кариотип деп атайды. Өсімдіктер мен жануарлардың дене клеткасындағы метафазалық хромосомаларды зерттеу барысында олардың әрбір түріне тән тұрақты саны және өзіндік құрылымы болатындығы анықталған.
Мысалы, адамның дене клеткасында 46, маймылда 48, сиырда 60, гидрада 32, жауын құртында 36, қиярда 14, жүгеріде 20, қарағайда 24,т.с.с. (2, 3 кестелер).
Организмдердің кариотипті олардың қандай эволюциялық сатыда тұрғанына байланысты болмайды. Кейбір қарапайымдардың жоғары сатыдағылардан хромосом сандары көп бола береді. Кей жағдайда хромосома саны мен оның құрылысы түрлердің филогенетикалық туыстығын да көрсете алады, соған негізделіп кариосистематика жасалады.
Көпшілік түрлердің дене клеткаларының ядроларына тән қасиет хромосомалардың жұп болып келетіндігі. Әрбір жеке хромосоманың өз гомологы болады. Адамның 46 хромосомасы 23 жұпты , дрозофилдің 8 хромосомасы 4 жұпты, жүгерінің 20 хромосомасы 10 жұпты, бидайдың 42 хромосомасы 21 жұпты құрайды т.с.с. Хромосомалардың жұп болып келуінің себебі олардың бір сыңарын организм анадан екінші сыңарын атадан алады.
Хромосомалардың құрылысы, типтері және ережелері. Хромосомалар өзара ұқсас екі ұзынша бөліктерден – хроматидтерден тұрады. Хроматидтер – хромонемалардан, ал хромонемалар ДНП-дан тұрады. ДНП – дезоксинуклеопротеидтің 35-40%-ке жуығын ДНҚ, 60-65 %-ке жуығын гистонды және гистонды емес ақуыздар құрайды. Хромосоманың маңызды құра бөлігі оның центромерасы (бірінші реттік тартылыс). Центромера арқылы хромосома бөліну ұршығының жіпшелеріне бекиді. Центромера хромосоманы ұзщын және қысқа иіндерге бөледі. Ол иіндердің шеткі ұштарын теломералар деп атайды. Центромераның орналауына байланысты хромосоманың мынандай типтерін ажыратады: метацентрлік (тең иінділер), субметацентрлік (бір шама тең иінділер) және акроцентрлік немесе субакроцентрлік (иіндері тең емес) хромосомалар. Адам хромосомаларының 1-3 жұптары және жыныстық Х- хромосома метацентрлік болса 2,6-12,16-20 жұп хромосомалары субметацентрлік, ал 4-5,13-15,21-22 жұптар және жыныстық У – хромосома акроцентрлік немесе субакроцентрлік хромосомалар жатады. Бірқатар хромосомаларда олардың иіндерін қосымша денешіктердің
(серіктерін) бөліп тұратын екінші реттік тартылыс (вторичная перетяжка) болады. Ядро ішінде мұндай хромосомалар бір-біріне тығыз жанасып жақындаса алады. Бұл кезде хромосома серіктерін иіндерімен байланыстырушы жіңішке жіпшелер ядрошықтардың түзілуіне жағдай жасайды. Адам хромосомалардағы мұндай учаскелерді ядрошық ұйымдастырушылар деп атайды. Жоғарыда айтылғандай екінші тартылыста рРНҚ-ға жауапты гендер орналасқандықтан рибосомалық РНҚ-ның синтезі мен толық қалыптасуы ядрошықта жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |