Дәріс №9-10 Хромосомдар кариологиясы. Адамның қалыпты кариотипі. Цитогенетикалық әдістер. Хромосомалардың жіктелуі



бет2/2
Дата15.06.2024
өлшемі18,81 Kb.
#203377
1   2
Байланысты:
Дәріс №9-10

Хромосома ережелері. Кез келген организм түрінде оның өзіне ғана тән белгілі және тұрақты хромосома саны болады. Мысалы, жылқы аскаридасының жасушасында – 2 хромосома, жеміс шыбыны дрозофилада – 8, гидрада – 12, адамда – 46 т.б. Бұл ерекшелік хромосомалар саныныңтұрақтылық ережесі деп аталады.
Барлық тірі организмдерде хромосома саны жұп, яғни пішініне, көлеміне сай екі- екіден бірігіп гомологтық жұптар құрайды. Мысалы, жылқы аскаридасында - 1 жұп, дрозофилада – 4 жұп, адамда - 23 жұп т.б. Бұл хромосомалардың жұптық ережесі. Безгек плазмодиі – 2, Гидра – 32, Тарақан – 48, Бөлме шыбыны – 12, Жасыл бақа –26, Кептер – 80, Үй қояны – 44, Шимпанзе – 48, Адам – 46. Әр гомологтық жұптар көлемі, пішіндері, центромераларының орналасуы, гетерохроматинді учаскелері т.б. белгілері бойынша өзара ұқсас, басқа жұптан ерекше болып келеді. Мұны хромосомалардың жеке – даралық ережесі деп атайды. Жасушаның немесе организмнің көбеюі барысында бұл ерекшеліктер толық сақталып ұрпақтан – ұрпаққа беріледі. Өйткені жасушаның бөлінуі алдында хромосомалар екі еселенуге қабілетті келеді. Олай болса, әр хромосомадан қалыптасып түзіледі. Бұл хромосомалардың үздіксіз ережесі болып табылады.
Кариотип жайлы түсінік. Адам кариотипі. Ғылыми зерттеулер жүргізуде
цитологиялық техниканың жеткіліксіздігіне байланысты көп уақыт адам хромосомаларының жалпы саны – 48 деп есептеліп келді. Тек, 1956 жыы Швед цитологтары Тио және Леван адам ұрығының өкпе фибробластарын өте жетілдірілген цитологиялық нұсқауларды пайдаланып зерттеу нәтижесінде адам хромосомаларының саны – 46 деп көрсетті. Сол жылы (1956) ағылшын ғалымдары Форд және Хамертон өз жұмыстарын қорыта келе бұл мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеді. Сомалық жасушаларда хромосомалар жұп күйінде болады. Оны диплоидтық жиынтық деп атайды (2п), ал жыныс жасушаларында әр жұптан бір-бір хромосомадан болады, оны гаплоидты жиынтық (п) деп атайды. Ұрықтану кезінде жыныс жасушалары қосылып, түзілген зиготада диплоидты жиынтық қалпына
келеді. (п+п=2п). Қандай да болмасын организм түрінің сомалық жасушаларындағы нақты саны, көлемі мен пішіні бар хромосомалардың толық диплоидты жиынтығын кариотип деп атайды. Сонымен, адам кариотипінде 46 хромосома бар. Олар 23 жұп құрайды. Әйел және еркек жыныстарында біркелкі ұқсас келетін 22 жұпты
аутосомалар деп, соңғы екі түрлі хромосомалардан (ХХ, ХУ) тұратын жұбын жыныс хромосомалары деп атайды. Әйел адамның қалыпты кариотипті 46ХХ, ер адамда 46ХУ деп белгіленген. Кариотипті зерттеу үшін сүйектің қызыл кемігінің, терінің, ұрық және дәнекер ұлпасының жасушалары, көбінесе қан лейкоциттері пайдаланылады. Жеке бөліп алынған қан жасушаларын арнайы қоректік ортада өсіріп митоздық бөлінудің басталуын тездету мақсатында фитогемагглютининмен өңдейді. Мұндай жасушалардан 3 тәуліктен кейін (72 сағат) препарат даярлауға
болады. Қарқынды жүріп жатқан митоздық бөлінуді тоқтату үшін колхицинмен әсер етіп прометафаза кезіндегі ахроматин жіпшелерінің түзілуіне кедергі жасалады. Экватор жазықтығына орналасқан хромосомаларды бір бірінен бөліп ажыратып орналастыру үшін 10-30 мин. гипотониялық ерітіндімен өңдеп, артынша сірке қышқылы және этил спиртінің қоспасымен фиксациялайды. Осындай өңдеуден өткен хромосомалар ең соңында Романовский-Гимза бояумен (бояудың рутиндік
әдісі) немесе 2% -тік ацетокарминмен бояп, даяр препараттағы жарық
микроскобының астында суретке түсіріп алады. Суреттегі хромосомаларды жекелеп қырқып хромосома жұптарын, сандарын дұрыс анықтау мақсатында оларды идиограмма түрінде орналастырады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет