Дәріс №9 Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және мұғалімдерді аттестациялау Дәріс жоспары



бет2/11
Дата29.03.2023
өлшемі75,67 Kb.
#173289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лек 10
1550723467263 (1), 1589916427, ҰБТ МЕКТЕБІ, 8-сынып. 2-тоқсан. 1-БЖБ. 1-нұсқа
Дербес формалары:
Мектептегі әдістемелік жұмыс- педагогттардың кәсіби шеберлігі мен мамандығын жоғарылатудың негізі. Мұғалімдердің әдістемелік дайындығымен тұтас оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың өзара байланысы. Мұғалімдердің теориялық дайындығын жетілдіру- оның әдістемелік жұмысының сапасын арттырудың кепілі. Ғылыми жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжрибелерді ендірудегі негізгі жұмыс түрлері. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысы-әдістемелік жетілдірудің негізі.
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері және әдістері. Мұғалімдерді аттестациялау- мамандық шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.
Мұғалім қызметінің шеберлігін диагностикалау. Педагогикалық қызметті өзіндік диагностикалау.

Тұтас педагогикалық процестің сапасы мұғалімнің жалпы дайындығына, педагогикалық біліміне және әдістемелік шеберлігіне байланысты.


Мектепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес және ұжымдық формалары пайдаланылады.

  1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді, дидактиканы, тәрбие теориясын және пән бойынша әдістемелік, ғылыми педагогикалық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды. Ол проблемаларды өз еркімен таңдап алады, өйткені қай пролемалардың өте қажет екендігі оған белгілі.

  2. Арнайы тақырыптар бойынша әдістемелік ұсыныстар, әдістемелік оқу құралдарын жасау, оқу–тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға байланысты өз тәжірибесінен баяндама жазып, ауданда, облыста, республикада өткізілетін ғылыми–практикалық конференцияларға, “Педагогикалық оқулықтарға” белсенді қатысу.

  3. Пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу.

Дербес педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ішінде түрлі сайыстар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасында жыл сайын “Жыл мұғалімі” сайыстарын өткізу дәстүрге айналды. Сайыстарға қатысушы әрбір мұғалім балаларға білім және тәрбие саласында, өзінің білімін, іскерлегін көрсетуге оқытудың, тәрбиенің теориясы мен практикасына сүйеніп дәлелдеуге тырысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет