Дәріс 9 Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті. Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде


Кәсіби-педагогикалық мәдениетті қалыптастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері



бет3/3
Дата11.12.2021
өлшемі28,16 Kb.
#99119
1   2   3
Байланысты:
баяндама11

Кәсіби-педагогикалық мәдениетті қалыптастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері

 

К. Рахатова



«Туран-Астана» университетінің магистранты

 

Қоғамдық өмірде көрініс тапқан сан-салалы сапалық өзгерістер, жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен қарауға итермелеуде. Өйткені, оқушыларға берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі мен үлгі-өнегесі арқылы қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу педагог мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.



Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында: «Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру – мұғалімнің шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық жоғары әзірлігі болып табылады»-деп атап көрсетілген. Мұғалім әрбір баланың өзіне ғана тән дара ерекшелігін білгенде ғана, жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Жоғары жетістікке жету үшін педагогикалық талант болуы қажет пе? Бірақ, әр мұғалім өз ісінің шебері бола алады, болуы тиіс те.

Педагогикалық мамандықтың пайда болуының объективті негіздері бар. Жас ұрпақ аға ұрпақтың сан ғасырлар бойы жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін шығармашылықпен игеріп, оны пайдаланбаса, қоғам одан әрі дамымас еді.

Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И.Непомняшая), мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі  анық.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман-уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да, бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері, этикасы жоғары мұғалім қажет. Ал педагогикалық этиканың негізі неде? Педагогикалық этика этикалық ғылымның өзіндік бөлімі болып табылады және педагогикалық мораль ерекшеліктерін зерделейді, Педагогикалық еңбек саласындағы адамгершіліктің жалпы принциптерін іске асырады. Педагогикалық этика педагогтің адамгершілік қызметінің сипатын және кәсіби ортадағы адамгершілік қарым-қатынасын зерделейді. Баланы тәрбиелеу және оқытумен кәсіби тұрғыда айналысатын адамдардың ортасында қалыптасқан қарым-қатынасының спецификалық ережесі, мінез-құлық мәнері және т.с.с. жиынтығын білдіретін педагогикалық этикет негіздері жасалады. Мұғалімнің практикалық қызметі кәсіби этика қағидаларына әрдайым сай келе бермейді, себебі педагогикалық практикада күрделі мәселелер мен қайшылықтар кездесіп жатады. Сондықтан педагогикалық этиканың негізгі мақсаты мұғалімнің ақыл-ойының күйін анықтау болып табылады. Ол үшін нақты ғылыми негізделген әдістер қолдану қажет.

Педагогикалық этика саласындағы кең тараған әрі әмбебап әдістердің бірі—педагогтің жеке басының құндылықтары мен өмірлік бағыт-бағдары туралы қоғамдық пікірді білу болып табылады. Педагогикалық қателіктер,  педагогикалық әсерлер салдары балаға (тіпті бірнеше жылдан соң ол ержеткен кезде де) және оның жақындарына да ықпалын тигізеді. Екінші жағынан бала дамуы өте күрделі және оған  көптеген түрлі факторлар әсер етеді. Сондықтан педагогикалық этика призмасы арқылы педагогикалық қызметті нормалауды қарастыру қажет. Педагог өзі балаға қай уақытта жақсылық, қай уақытта жамандық жасағанын түсінуге тиіс.

Педагогикалық этиканың маңызды саласының бірі-кәсіби педагогикалық парыз. Осы негізінде қоғам тарапынан педагогтің жеке басына, кәсіби міндеттерін атқаруына қойылатын төмендегідей моральдық ұйғарымдар мен талаптар жиынтығы туындайды: баланың ой өрісін дамытуға бағытталған белгілі бір еңбек жүйесін қалыптастыру; балалармен, ата-аналармен, әріптестерімен дұрыс қарым-қатынаста болу; өз кәсібінің жауапкершілігін сезіне білу; педагогикалық ұжым мен қоғам алдындағы тәрбиеші рөлінің маңыздылығын түсіну. Кәсіби педагогиканың негізгі міндеті — өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қазіргі қоғамдағы нақты, әрі өзекті мәселелерді шешуге бағыттау болып табылады. Педагогтің кәсіби міндетіне білімі мен шығармашылығын үнемі дамытып отыру, өз-өзіне талап қоя білу, ата-аналар мен балаларға сыйластықпен қарап,  мектептің қиыншылықтарын дұрыс шешу сияқты міндеттер кіреді.

Кәсіби-педагогикалық мәдениет мәнін ашпас бұрын, ең алдымен,«кәсіби мәдениет» пен «педагогикалық мәдениет» түсініктеріне тоқталу қажет. Кәсіби мәдениеттің бөлінуі арнайы іс-әрекет түрлерінің дамуына байланысты болды. Мамандық әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде күрделі құрылымға ие: оның пәні, құралы, кәсіби әрекетінің нәтижесі бар, олар: мақсат, құндылықтар, нормалар, әдістер, әдістемелер, үлгілер. Тарихи даму процесінде мамандық та өзгереді. Кейбіреуі жаңа әлеуметтік мәдени формаға ие болады, екіншілері – аса көп өзгермейді, үшіншілері – жойылып кетеді, төртіншісі – бірнеше өзгерістен өтеді. Кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі кәсіби міндеттерді шешу қабілеттерінің дамуымен сипатталады, яғни кәсіби ойлаудың дамуымен.

Кәсіби мәдениет кәсіби топ мүшелерінің арнайы кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін игерудің нақты деңгейі. «Педагогикалық мәдениет» түсінігі бұрыннан педагогикалық іс-әрекет практикасына енгізілген, ал оны теориялық зерттеу енді ғана қолға алынды. Педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін талдауға, педагогикалық қабілетті зерттеуге, мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты бұл проблема С.И.Архангельский, А.В.Барабанщиков, Е.В.Бондарева, З.Ф.Исарева, Н.В.Кузьмина т.б. еңбектерінен көрінеді. Философияда, әлеуметтануда, педагогика мен психологияда мәдени бағыттылықты зерттеумен байланысты, педагогикалық мәдениеттің кейбір жақтары талданды: мұғалім жеке тұлғасының әдіснамалық, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативті, технологиялық, рухани, дене мәдениеті. Бұл зерттеулерде педагогикалық мәдениет педагогикалық іс-әрекет жүйесінде көрінетін мұғалімнің жалпы мәдениетінің маңызды бөлімі. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті қоғамдық құбылыс ретінде педагогикалық мәдениеттің бөлімі болып табылады. Педагогикалық мәдениеттің таратушылары, олар кәсіби немесе кәсіби емес деңгейде педагогикалық практикамен айналысатын адамдар. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті таратушылар, олар педагогикалық әрекетті, педагогикалық қарым-қатынасты, жеке тұлғаны құрастыратын педагогикалық еңбек арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мәнін түсіну үшін, мынадай ерекшеліктерін білу керек:

1.Кәсіби-педагогикалық мәдениет - әр түрлі формада көрінетін педагогикалық шындықтың сипаттамасы.

2.Кәсіби-педагогикалық мәдениет–ол құрылымдық-функционалдық компонеттері бар, өзіндік ұйымы бар, қоршаған ортамен өзара әрекет ететін жүйелі білім беру.

3.Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің талдау бірлігі шығармашылық педагогикалық әрекет.

4.Кәсіби-педагогикалық мәдениетті жүзеге асыру және қалыптастыру ерекшеліктері дара шығармашылық, психофизиологиялық және жас ерекшелік, жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен шарттасып жатады.

Көрсетілген әдіснамалық негіздерді есепке алу кәсіби-педагогикалық мәдениеттің моделін құрастыруға көмектеседі. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің үш компоненті бар: аксиологиялық, технологиялық, жеке бастық-шығармашылық.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компоненті білім беру дамуының қазіргі кезеңінде біртұтас педагогикалық процеске енгізілген адамның педагогикалық құндылықтарының жиынтығы негізінде пайда болды. Педагогикалық әрекет процесінде мұғалім пікірлер мен концепцияларды игереді, білім мен іскерлік алады, ал оның өзі педагогикалық әрекеттің гуманистік технологиясын құрады. Қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін білім, көзқарас, концепциялар педагогикалық құндылық ретінде көрініс табады. Педагог өз ісінің шебері болады, ал педагогикалық құндылықпен педагогикалық әрекетті игеріп, дамытады. Мектеп пен педагогикалық көзқарастардың тарихы – күнделікті бағалау, қайта құру, құндылықтарды бекіту және педагогикалық технологияларды жаңа жағдайларға игерту процесі. Субъектілік тәрбиелеу және мұғалімге берілетін жалпы аламгершілік мәдени-педагогикалық атақтың құндылығы оның жеке басының байлығымен, мамандық іс-әрекетке бағыттылығымен, адамның ішкі әлемімен анықталады. Соған байланысты С.Л.Рубинштейннің құнды қарым-қатынас адамның іс-әрекетінің көріну тәсілі болып қалады деп айтылуы дұрыс. Педагогикалық құндықтарды айта келе, оның үш негізгі түрін айқын көрсетуге болады.

1.                  Әлеуметтік-педагогикалық құндылық.

2.                  Топтық педагогикалық құндылық.

3.                  Жеке бастық педагогикалық құндылық.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құралдары мен тәсілдері енеді. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен нәтижелері жеке тұлға нәтижесінде құрылады. Педагогикалық әрекеттің гуманистік бағыттылығы жеке тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыру механизмін зерттеу мүмкіндігін береді. Педагогикалық әрекетті технологиялық әрекет деп атаймыз. Осыған байланысты педагогикалық әрекеттің операциялық талдануы қажет, ол педагогикалық есептерді шешу ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, тарихи өзгеретін тәсілдерді ашады, әрекет бағыттарын түсіндіреді. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке бастық-шығармашылық компонентіне шығармашылық акт ретінде оның игерілу механизмі жатады. Педагогикалық құндылықтарды мұғалім жеке бастық-шығармашылық деңгейінде меңгереді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, педагог оларды қайта құрып, интерпретациялай алады, Педагогикалық шығармашылық  сипаттамасы–педагогикалық мәдениет болып табылатын адамның өмір әрекетінің түрі. Шығармашылық педагогтан қажеттілікті, қабілетті, бостандықты, өзінділікті, жауапкершілікті талап етеді.

 

           Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1.      Жарықбаев Қ., Табылдыев Ә. Әдеп және жантану, Алматы, Қазақстан, 1994.

2.      Асылов Ұ., Нұсқанбайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері (Оқу құралы), Алматы, Рауан, 1998

3.                                Н.А.Назарбаев К экономике знаний через инновации и образование: послание Президента Н.А. Назарбаева народу Казахстана. – Астана, 2006.

4.                                Б.И. Додонов Эмоция как ценность.– М., 1978.



5.                                Общая и профессиональная педагогика// В.Д. Симоненконың ред.бойынша– М., 2005.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет