Ұялы телефон адам өміріне байланысу құралы ретінде қолданысқа
енгелі, адамзат баласының күнделікті қажетті құралына айналады.
Сондай-ақ ол балалардың да байланыс
құрылғысы болуымен қатар,
олардың көңіл көтеріп, түрлі ойындар ойнайтын техникалық құралы.
3-жаттығу.
Жақсы кіріспе жазу үшін қандай кеңестерді басшылыққа
алған жөн екенін анықтаңыз:
•
Тақырыпты түсінікті етіп таныстыру;
•
Тақырып жөніндегі ақпараттарды бірнеше
сөйлеммен беру;
•
Эссенің негізгі идеясын көрсету;
•
Тақырып жөнінде толық ақпарат бермеу немесе тым көп мәлімет жазу;
•
Эртүрлі
тақырыпта көп сөз қозғау;
•
Эссенің негізгі идеясын нақты көрсетпеу.
4-жаттығу.
Төменде берілген мәліметтер ішінен кіріспені қызық етіп
жазудың жолдарын табыңыз.
1.
Жалпыны толғандыратын мәліметтер жөнінде мүмкіндігінше көп
мәлімет беру.
2.
Эсседе қозғалатын тақырыптар жөнінде көбірек ақпарат беруге тырысу.
3.
Қызық фактілер мен статистикалық мәліметтер қолдану.
4.
Басыңыздан өткен оқиға не тәжірибеңіз туралы мысал келтіру.
5.
Қызықты дәйексөз қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: