Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет16/18
Дата14.10.2022
өлшемі194,5 Kb.
#153098
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Дәріс тезистері
СРС 3 Созылу-Сығылу деформациясы, Экономикалық жүйелер, оларды зерттеу және модельдеу әдістері
Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер және минерал тұздары міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі. Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок – 1, май – 1, көмірсу – 6 есе. Ал мектепке дейінгі балаларда бұл көрсеткіштер 1:2:3.

1

14

Сыртқа шығару жүйесі мен терінің жастық ерекшеліктері.

Зат алмасуы нәтижесінде тамақ пен орнагизмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетсіз қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір тұздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық ұшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.


Бүйректің құрылысы және қызметі. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.
Бүйрек сыртқы қызғылт қоңыр түсті қыртыс қабаты және ішкі ортаңғы ақшыл милы қабаты болады. Бүйректің сыртқы жиегі дөңестеу, ішкі жиегі ойыстау келеді. Қан тамырлары, нервтері және несеп ағар түтікшелері бүйрекке ойыс жағынан кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек түбегі болады, ол бүйрек тостағаншаларына жалғасады. Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен құралған. Біл бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн.
Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады. Бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет