Сүтті сұрыптау кестесі
№
|
Көрсеткіштердің атауы
|
Норма
|
I сұрып
|
II сұрып
|
1
|
Қышқылдық, °Т
|
16-18
|
16-20
|
2
|
Эталон бойынша тазалық дөрежесі, топтан төмен емес
|
I
|
II
|
3
|
Редуктаза үлгісі бойынша бактериялы саны, кластан төмен емес
|
I
|
II
|
4
|
Температура
|
10 °С
|
есептелінбейді
|
Сұрыпталмаған сүт. Iжәне IIсұрыптың талаптарына сәйкес келмейтін және қышқылдығы 21°С жоғары емес сүт, тазалық дәрежесі 2-топтан, бактериялық ластануы үшінші кластан төмен емес, сонымен қатар термиялық өңдеуден өткен, ауру малдан алынған сүт зауытқа сұрыпталмаған сүт ретінде қабылданады.
Мысалы:
Қышқылдығы - 16°Т
Тазалық дәрежесі - 2-топ
Редуктаза үлгісі - 1-класс
Зауытқа сүтті қабылдаудың ережелері
Май, сүзбе өндіретін шағын зауыттарында сүтті қабылдауды лаборант шебер немесе шебер кемекшісі жүргізеді. Ал үлкен зауыттарда арнайы қабылдаушы айналысады.
Қабылдау тәртібі:
Автосүтцистерналардың тазалығын тексеру;
Жоғарғы жақтарын шлангамен жуу;
Қақпақтағы пломбаның тұтастығын тексеру;
Люкті және фляга қақпағын ашып, иісін тексеру;
Сүтті араластырып, түсі мен консистенциясын бақылап, температурасын анықтау;
Үлгі алып, физика-химиялық көрсеткішін тексеру.
Барлықзауыттардакүнделіктікелесікөрсеткіштердітексереді:
Органолептикалық көрсеткіштер;
Температура;
Майлылық;
Қышқылдық;
Тығыздық;
Тазалық дәрежесі.
Периодты(10 күнде 1 рет)
Анормальдігі;
Пестицид үлгісі;
Антибиотик үлгісі;
Редуктаза үлгісі.
Сараптаманы өткізгеннен кейін жүкқұжат (накладной) құрастырылып, сүт мөлшерін анықтауға кіріседі. Мөлшерін есептегіш немесе арнайы таразымен өлшейді. Екінші әдісі нақты. Есептеу килограмда өтеді. Сондықтан арнайы кестелер бойынша сүтті л-ден кг-ға ауыстырады.
G= V∙p
G- барлық сүт, кг
V -литрдегі көлем
P- г/см3 массасы
V=1000л
Р = 1,030 г/см3
G = V∙p= 1000 ∙1,030 = 1030 кг
Өлшеп болғаннан кейін кг-дағы сүт мөлшерін жазады.
Базисті сүт – әр әкімшілік аймаққа, республикаға, өлкеге сүттің орташа майлығы ғылыми белгіленген нормасы. ҚР-сы үшін сүт мөлшері формула бойынша анықталады:
Кмф∙Жмф
Кмф - сүт мөлшері, кг;
Жмф - сүт майлылығы, %;
Кмб — базисті сүт мөлшері;
Жмб- базисті сүт майлылығы, %.
Кмф=1000 кг
Жмф = 4%
Кмб=?
Кмф∙ Жмф /Жмб = 1000*4 / 3,7 = 1054 кг
Жүргізушінің жүкқүжатында сүттің массасы, сұрыбы, тапсырушыларға қайтарылып берілетін майсыз көк сүттің көлемі, сонымен қатар сол күнде жүргізілген сараптамалар мен үлгілер: майлылық, қышқылдылық, тазалық дәрежесі, тығыздық, температура, органолептикалық көрсеткіштер, базисті сүт көлемі, сүтті қабылдау уақыты жазылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сүтті механикалық өңдеу түрлерін атаңыз
2. Сүттің химиялық құрамына талдау жасаңыз.
3. Сүттің физиккалық қасиеттері қандай?
Әдебиеттер: 1.Крусь И.А. Технология молока и молочных продуктов. - М.: Колос, 2009. 2. Фалунина А.К. Лабораторный практикум по общей технологии продовольственных продуктов. М.: Легкая и пищевая промышленность.-1982.
Достарыңызбен бөлісу: |