Дәріс Демэкология және синэкологияның негізгі ұғымдары. Бірлестіктер экологиясы. Экожүйедегі зат пен энергия айналымы



бет2/12
Дата13.02.2022
өлшемі38,29 Kb.
#131653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
3-Дәріс ЭжАТҚ

Түрдің популяциялық құрылымы. Әрбір түр белгілі бір территорияда (ареалда) тіршілік ете отырып сол территорияда популяциялар жүйесі ретінде көрінеді. Түр тіршілік еткен ареал неғұрлым күрделі, бөлшектенген болса, популяциялар арасындағы алшақтық та соғұрлым жоғары болады. Алайда түрдің популяциялық құрылымын оның биологиялық ерекшеліктері-особтардың қозғалу белсенділігі, табиғи кедергілерді, тосқауылдарды жеңе білуі және т. б. анықтайды.
Ген түр мүшелері үлкен кеңістікте үнемі қозғалып, араласып жатса мұндай түр аз ғана ірі-ірі популяциялардан тұратын түр болып сиппаталады. Көшіп-қону (миграция) қабілеттілігімен әдетте солтүстік бұғылары, Африка саванналарындағы тұяқты жануарлар ерекшеленеді. Олар маусымдық көшіп-қону кезінде жүздеген шақырым жерлерді артқа тастайды. Мұндай түрге жататын популяциялардың шекаралары әдетте, үлкен географиялық тосқауыл, бөгеттер – үлкен өзендер, тау жоталары т.б. бойынша өтеді.
Қозғалуға белсенділігі төмен жағдайда түрдің құрамында ландшафтың мазаикалылығын білдіретін көптеген майда популяциялар құрылады. Мозайкалық - қауымдастықтың кеңістікте көлденең таралуы. Өсімдіктер мен аз баяу қозғалатын жануарларда популяция саны ортаның әртүрлілігіне тікелей байланысты болады. Мысалы, мұндай түрлердің таулы аудандарда жазық жерлермен салыстырғанда территория бойынша бір-бірімен алыстап бөлінуі жоғары. Кейде түрлердің кішкентай ареалда тіршілік етуі ортаның әртүрлілігіне емес, организмнің мінез-құлқына да байланысты. Мысалы, аюлар өздері тіршілік етіп жатқан жерге бауыр басып қалатындықтан ол жерді тастап кетпейді, сондықтан үлкен ареалда бір-бірінен кейбір қасиеттері бойынша өзгешеліктері бар көптеген майда топтар болып тіршілік етеді.
Көршілес популяциялардың бір-бірінен алшақ өмір сүру ерекшеліктері әртүрлі. Кей жағдайда олар тіршілік етуге қолайсыз жерлермен бір-бірінен оқшауланса. Кейде тіршілікке қолайлы ортада (шөлді жердегі өзен аңғарлары мен оазистерде) бір жерде көптеп шоғырланған.
Популяциялар арасында жекеленген особьтардың алмасуы ұдайы болып жатады. Қарғалардың маусымдық көшуі кезінде жас құстардың бір бөлігі қыстайтын жерінде сол жердегі басқа осбьтар мен жұп түзіп қалып қояды.
Жекеленген особьтар арасындағы байланыстар бір нәтижеге, популяция арасындағы байланыстар басқа нәтижеге алып келеді. Мысалы, белгілі бір паразиттің ұзақ уақыт бойы әсер етуі иесінің физиологиялық жағдайының, ұрпақ шығаруының, өмір сүру ұзақтығының өзгерісіне байланысты болуы мүмкін. Осы түрге жататын популяциялар арасындағы байланыстар олардың топтық сипаттарының – саны, жастық құрамы, өлуі мен популяцияның өсу қарқындылығына алып келеді
Популяциялар арасындағы байланыстар оларды бір түр ретінде ұстап тұруға көмектеседі. Популяциялар арасындағы ұзақ және толық оқшаулану әдетте жаңа түрлердің пайда болуына алып келеді.
Кейбір популяциялар арасындағы өзгешеліктер әртүрлі деңгейде болады. Ол өзгешеліктер оларды тек топтық сипатына ғана емес, жеке особьтардың мінез-құлық, морфологиялық физиологиялық ерекшеліктеріне де қатысты болуы мүмкін. Ареалдың әр бөлігіндегі ақ қояндар бір-бірімен түсі, дене мөлшері, ас қорыту жүйесінің құрылысы бойынша айырмашылықтары болады. Мысалы, Ямал түбегіндегі ақ қояндардың аш ішектерінің ұзындығы Орал тауының орманды далаларындағы өкілдеріне қарағанда екі есе ұзын. Бұл қоректену ерекшеліктеріне, қорек құрамындағы қатты азық құрамына байланысты.
Тіршілік орталарының айырмашылықтары неғұрлым көп және особьтар арасындағы алмасу нашар болса, соғұрлым популяциялардың бір-бірінен өзгешіліктері көп болады.
Генетикалық біртұтастығына және көбею түріне байланысты популяциялар: панмиктикалық (айқас ұрықтану), клонды және клонды-панмиктикалық (мысалы, шіркейлердегі партеногенетикалық ұрпақ жынысты ұрпақпен алмасады) болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет