Дәріс Демэкология және синэкологияның негізгі ұғымдары. Бірлестіктер экологиясы. Экожүйедегі зат пен энергия айналымы



бет9/12
Дата13.02.2022
өлшемі38,29 Kb.
#131653
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
3-Дәріс ЭжАТҚ

Биоценоздың трофикалық құрылымы. Автотрофтар (грекше autos – өзім, troрhe - қорек) – күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық минералды заттардан органикалық заттар синтездейтін организмдер. Бұларға фотосинтез процесі жүретін жасыл өсімдіктер, балдырлар, фотосинтезге қабілетті фототрофтық бактериялар жатады.
Афтотрофтылар – фототрофтылар және хемотрофтылар болып бөлінеді. Фототрофтылар органикалық заттарды синтездеу үшін күн энергиясын пайдаланса, хемотрофтылар химиялық байланыстардың энергиясын пайдаланады. Автотрофты организмдер қауымдастықтардағы бірінші қоректік тізбек құрайтын биосферадағы органикалық заттардың алғашқы продуценттері. Автотрофты организмдердің табиғатта ролі орасан зор, өйткені олар биосферадағы органикалық заттардың негізі бөлігін (жылына 162210 тонна) құрайды.
Гетеретрофтар–(грекше heteros–басқа, trophe-қорек)–қорек ретінде автотрофтар синтездеген органикалық заттарды пайдаланады. Бұларға жануарлар, саңырауқұлақтар және көптеген микроорганизмдер жатады.
Қоректің түріне байланысты гетеретрофтар–өсімдіктермен қоректенетін фитофагтарға, жануарлармен қоректенетін–зоофагтарға, өлекселермен қоректенетін–некрофагтарға, жануарлардың соңғы өнімдерімен (экскременттерімен) қоректенетін–копрофагтарға, өсімдіктер шірінділерімен қоректенетін–сапрофагтарға және жартылай ыдыраған органикалық заттармен қоректенетін–детритофагтарға бөлінеді.
Гетеретрофты организмдер автотрофты организмдер түзетін барлық заттарды, кейде өнеркәсіпте адам қолымен жасалған көптеген заттарды да ыдырата алады. Оның кейбіреулерін жай ыдыратып, кейбіреулерін ыдырата алмайды. Мысалы, балауыздан анаэробты жағдайда Жер бетіндегі органикалық заттардың негізг үлесін құрайтын геополимерлер (қара шірік, кероген) түзіледі. Биосферадағы органикалық заттардың ыдырауында жануарларға қарағанда саңырауқұлақтар мен бактериялардың ролі зор.
Автотрофты организмдер мен гетеретрофты организмдер бірге қоректік (трофикалық) қатынастармен байланысқан біркелкі биологиялық жүйені құрайды.
Қоршаған ортаның жағдайларына байланысты автотрофты да және гетеретрофты да қоректенетін организмдері (көк-жасыл балдырлар, паразит-өсімдіктер, жыртқыш-өсімдіктер, эвгленалар) миксотрофтылар деп атайды.
Экологиялық классификациялардың негізінде тіршілік ету орны да жатуы мүмкін. Мысалы, су организмдері (гидробионттар), су түбінде тіршілік ететін организмдер (актиниялар, губкалар, су түбінде тіршілік ететін балықтар)–бентос (грекше benthos-терендік), су ағысына қарсы тұра алмайтын организмдер (бір клеткалы балдырлар, медузалар)–планктон (грекше planktos-қанғыма), суда жүзіп жүретін организмдер (балықтар, дельфиндер) – нектон (грекше nektos - жүзуші) болып бөлінеді.
Биоценоздың түрлік құрылымы деп ондағы түрлердің алуантүрлілігін және олардың салмақтары мен сандық мөлшерінің ара қатынасын айтады. Түрге бай және кедей биоценоз түрлері бар. Жылуы аз полярлық арктикалық шөлдерде және солтүстік тундраларда, ылғалы жеткіліксіз ыстық шөлді аймақтарда, қатты ластанған ақаба суларда- бір немесе бірнеше фактордың орташа оптималды мөлшерден ауытқыған орталарда қауымдастықтың түрге жұтаң, кедей болады.
Жас, жаңадан пайда болған биоценоздарда ертерек қалыптасқан қауымдастықтармен салыстырғанда түрлік құрам аз болады. Адам қолымен жасалған биоценоздарда да (егістік, бау-бақша) табиғи жүйесі ұқсас қауымдастықтарға (орман, дала, шалғындық, батпақ) қарағанда түрлік құрамы жұпыны.
Осы түрлердің ішінде тіршілігі барысында қауымдастық үшін негізінен орта құрайтын, ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер эдификаторлар деп атайды. Биоценоздан эдификатор-түр алынса орнтаның ізінен орта құрайтын, ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер болады олар эдификаторлар деп атайды. Биоценоздан эдификатор-түр алынса ортаның физикалық өзгеруіне, бірінші кезекте биотоптың микроклиматына әсер етіледі.
Құрлықтағы биоценоздардың негізгі эдификаторлары болып: шыршалы ормандарда-шырша, қарағайлы орманда-қарағай, далалы аймақта-шымды астық тұқымдастары болып табылады. Алайда, кей жағдайларда жануарлар да эдификатор болуы мүмкін. Мысалы, суырлар колониясы мекендейтін территорияда ландшафттың, микроклиматтың және өсімдіктердің өсу жағдайлары сол суырлардың тіршілігіне, жерді қазуына байланысты.
Биоценоздың түрлік құрамындағы жеке бір түрдің ролін білу үшін сандық есепке негізделген әртүрлі көрсеткіштерді пайдаланады. Белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі бір түрге жататын особьтардың санын-түрдің молдығы деп атайды. Мысалы, көлдегі судың 1 дм мөлшеріндегі майда шаян тәрізділердің саны немесе 1 км далалы жердегі ұя салған құстардың саны және т.с.с. Кейде түрдің молдылығын есептеу үшін особьтар санының пайздық қатынасы ретінді есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет