Диатомды балдырлар



Дата12.11.2019
өлшемі17,23 Kb.
#51640
Байланысты:
диатомды балдырлар

Диатомды балдырлар (латDіatomae немесе Bacillariophyta) – бір клеткалы организмдердің айрықша тобы.

Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды кремнийлі балдырлар (Вacіllarіophyta) деп те атайды. Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған: ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақтамүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі. 12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі. Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар. Диатомды балдырлар өте майда (4 – 2000 мкм) келеді, жеке немесе шоғыр (жұлдызтізбек,таспажіпшебұта тәрізді) құрып тіршілік етеді. Диатомды балдырлардың хлоропластылары а және с хлорофиллдерінен және қоңыр түс беретін фукоксантин затынан тұрады. Клетканың тас қабығы қақпағы (эпитека) бар қорапқа (гипотека) ұқсайды, шамамен тең екі бөліктен құралады. Қабықтағы саңылаулар арқылы сыртқы ортамен зат алмасу жүреді. Диатомды балдырлар негізінен екіге бөліну арқылы көбейеді, яғни аналық клеткадан әр бөліктің біріне эпитека, екіншісіне гипотека өтеді де, қалған жетіспейтін бөліктер жаңадан пайда болады. Сондай-ақ жыныстық (изогамиягетерогамияоогамия) жолмен де көбейеді. Диатомды балдырлар су түбіндегі шөгінді сапропелийлердің негізін құрайды. Шөгінді тау жынысы диатомит, негізінен, осы балдырлардың қабықшаларынан тұрады. Диатомды балдырлар юра кезеңінен белгілі. Бұлар жалтырауық балдырлар мен сары жасыл балдырлардан шыққан деп есептеледі. Кейбір ғалымдар Диатомды балдырларды қарапайымдыларға да жатқызады. Диатомды балдырлар жеңіл, денесі кеуекті болғандықтан адсорбтану қасиеті өте жоғары, тамақ өнеркәсібінде, химиямедицина, құрылыста кеңінен қолданылады. Диатомды балдырлармен су жануарлары қоректенеді.

Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездеседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діңдерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем сіңеді де қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Ол бір-біріне тығыз болып киілген екі бөліктен: үстіңгі эпитекадан және астыңғы гипотекадан тұрады. Олардың тікесінен қарағандағы жалпақ жақтарының шеттері аздап қайырылған, ал белдеу жағы жіңішке сақина тәрізді болып келеді. Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері - поралары және бос қуыстары болады. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу.

Хроматофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен - каротиноидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Вегетативтік көбеюі протопластың митотикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір-бірінен ажырайды да, әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай осбьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының артуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің (размерінің) қайтадан қалпына келуі мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі: ұсақтанған особьтар бір-бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқасысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидті клетка - тетрада қосылады, ал қалған клеткалар жойылады. Зиготаны "өсу спорасы" (аукоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдағыдай жаңа особь пайда болады. Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан тау жыныстарының қалың қабаттары - диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде - динамиттер жасауға, дыбысты және ыстықты изоляциялағанда, металлдардың бетін тегістегенде, сүзгілер жасағанда қажетті материал ретінде пайдаланады.



Сары-жасыл балдырлар. Бұл бөлімге 25 мыңдай түр жатады. Олардың тамомы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған. Сары – жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу тұзды суларда мекендейді. Олар планктондар, бентостардың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар сары – жасыл балдырлар топырақта және тастық бетінде де өседі. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлозасы аз болады. Ядросы көп жағдайда біреу, клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хромотофорында хлорофилден басқа талломға сары – жасыл түс беретін каротиноидтар болады. Пиренойдтары болмайды. Артық қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейказиннің және валютиннің түйіршіктері жиналады.

Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процессі негізінен изогамиялы. Сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтарының ұзындықтары әртүрлі, екі талшығы болады : біреуі қысқа түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын және қауырсынды болып келеді.

Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6 кластан тұрады : ксантомонадалылар класы (Xanthomonodap hyceal), ксантоподалалылар класы (Хanthopodophyceal) kcantokan салылар класы (Хаnthocapsophyceal), ксантококкалылар класы (Хanthococcophyceal), ксантококкалылар класы (Xanthotrichophyceal), ксантотрихалылар класы (Xanthotrichophyceal), kcanto сифондылар класы (Хanthosiphonophyceal) осы 6 кластың ең үлкені және теориялық тұрғыдан маңыздысы ксантосифондылар класы.

Ксантосифондылар класы – Xanthosiphonophyceal.



Бұл класқа сифонды құрылысты яғни талломы леткаланбаған сары – жасыл балдырлар жатады. Негізгі туысының бірі Вошерия (Vaucheria). Вошерия туысы пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының өнімдеріне қарай систематиктер бұл туысты жасыл емес бұрынғыдай сары – жасыл балдырларға жатқызды. Табиғи жағдайда бұл түр ақпайтын тұщы және ағын суларда, сонымен бірге суы тартыла бастаған су қоймаларының жағалауларында қара – көк түсті, жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа ризоидтары арқылы бекініп тұрады.

Талломы клеткаланбаған, тармақталған, көп ядролы диск тәрізді көптеген ұсақ хромотофоралары болады. Жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзіледі. Оның ішінде көптеген екеу – екеуден жұптасқан талшықтары бар бір ғана зооспора жетіледі. Зооспора біраз уақыт суда жүзіп жүреді, содан соң талшықтарын тастап, тоқтайды да өсіп жаңа талломға айналады. Жыныстық процесі оогамиялы. Актеридни мен оогонийт бір клеткалы болады. Біраз тыныштық кезеңінен соң зигота редукциялық жолмен бөлінеді де өсіп жаңа особьқа айналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет