Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б



бет1/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
курсовой систематика
биологиялық кеш, биологиялық кеш, слайд систематика, Документ Microsoft Office Word (2)

Кіріспе.

Эукариоттар – клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т.б. органеллалары морфологиялық, физиологиялық тұрғыдан анық жіктелген. Екіншіден, жынысты көбеюі арнаулы клеткалар – гаметалар арқылы жүреді (изогамия, гетерогамия, оогамия). Ядролық организмдерге көптеген бір клеткалық жасыл балдырлар, диатомды балдырлар, сары жасыл балдырлар жатады.

Систиматика ғылымының балдырлар тексеретін бөлімі альгология деп аталады. Балдырларды « Algae» деп латынша атпен атауды бірінші рет П л и н и й  С т а р ш и й  ұсынды.

Algae дегеніміз теңіздің шөптесін балапан бұталары. Орыс ғалымы М. А. Максимович 1827 жылы «балапан бұталар» деп атаудың орнына балдырлар деп атауды ұсынған. Аз уақыттың ішінде балдырлар деген жаңа ұғым тез тарап кетті. Альгология ғылымының дамуы микроскоп техникасының жетістіктері мен жасуша теориясының дамуына тікелей байланысты. Балдырлардың онтогенезін зерттегенде ғалымдардың назары аса маңызды процесс – жыныссыз және жынысты көбеюлерге ерекше көңіл аударды.

Жер жүзінде кең таралған төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы – балдырлар. Олардың қырық мыңан астам түрі бар. Бұлардың барлығына ортақ белгі – қосымша пигменттерден басқа жасыл пигиент – хлорофилдің болуы; басым көпшілігінің тіршілік ортасы су – біртекті болуына байланысты, олардың құрылысы жоғарғы сатыдағымен салыстырғанда қарапайымдау болып келеді. Балдырлардың бір клеткалы, клеткаланбаған, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Олардың денесінде жіктелген арнаулы мүшелері жоқ, оның орнына тек қатпарлары (талломдары) ғана болады [1].

Бір немесе екі талшығы арқылы қозғалатын бір жасушалы, не колониялды организмдерді зоологтар талшықтылар немесе флагеляттылар (Flagellae) деп атап, қарапайым жәндіктер типіне (Protozoa) жатқызады. Кейбір талшықтардың жасушаларының ішінде хлорофилл және басқа пигменттер сіңген хроматофорасы болады, көпшілілігінде пектинді не целлюлозалы жасуша қабықшасы болып, қор зат ретінде крахмал не оған жақын көмірқышқылдар жиналады. Бұл белгілердің бәрі өсімдіктерге тән қасиет, олай болса, ботаниктер талшықтыларды денесі жағынан алғанда біртекті организмдер демей, олардың кейбіреулерінің – белгілері жануарларға жақын болғанымен, екіншілерінікі - өсімдіктерге жақын тұрады деп есептейді [5].

Балдырлар – ботаника ғылымында (өсімдіктер систематикасында) бірнеше бөлім түрінде берілетін төменгі сатыдағы өсімдіктердің өте үлкен тобы.Сонымен қатар, бактреиялар мен балдырлардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтағанда балдырлардың құрылысы мен тіршілік әрекетінде бірқатар күрделіліктердің болатындықтан, олардың даму сатысының бір шама жоғары жататындығын аңғаруға мүмкіндік береді.  Құрылысы – күрделі балдырлар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жапырақтарына немесе сабақтарына ұқсап, жапырақ пластинкасы немесе сабақ сияқты болып келеді. Бірақ бұл тек сыртқы ұқсастық қана, өйткені олардың денесі біртекті жасушалардан ғана түзілген [7].

Жұмыстың өзектілігі. Балдырлар - су өсімдіктері, олар теңіздерді, көлдерді, өзендерді, тоғандар мен батпақтарды мекендейді, жыралардың, шалшықтардың қай-қайсысында болмасын олар өте көп кездеседі. Бұл балдырларды сазды жерден, ағаштардың қабығынан, гүл еккен құмыралардан, дымқылды топырақтардан кездестіруге болады





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет