Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б



бет3/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
курсовой систематика
биологиялық кеш, биологиялық кеш, слайд систематика, Документ Microsoft Office Word (2)
Балдырлардың клетка құрылысы.

Көк-жасыл және монада құрылысты балдырлардан басқаларының басым көпшілігінде ересек кезіндегі вегетативтік клеткаларының құрылысы басқа өсімдіктердікіндідей біркелкі келеді. Клетканың тірі затын протоплазма деп атайды, ол цитоплазмадан, ядро мен ядрошықтан, пластидтен, митохондриден, рибосомалардан, Гольджи аппаратынан, эндоплазмалық тордан, плазмодесмадан, микротүтікшелерден және қабықшадан тұрады. Клетка қабықшасы - клетканың сыртын қаптап жататын негізгі бөлімі. Химиялық құрамы негізінен целлюлозадан және пектин заттарынан тұрады. Біраз балдырлардың клетка қабықшасының құрамында кремнезем, көмірқышқыл кальций, кейде темір тотығының тұздары болады [1].

Цитоплазма балдырлар клеткаларын тұтас толтырып жатады, ал көпшілік балдырларда ол қабырғалық қабатқа қарай орналасқан. Клетка мембранасы клетканы қабықшасынан бөліп тұрады. Клеткалардың мембраналары клетка қабықшаларымен бөлініп жатса да, плазмодесмалар арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Плазмодесма - клеткалардың протопласталарын бір-бірімен байланыстыратын цитоплазмалық жіпшелер. Пластидтер жасыл өсімдіктерге тән зат. Пластид строма деп аталатын ақуыздан тұрады. Хлоропласт сыртқы және ішкі мембранадан, стромадан, тилакоидтардан тұрады. Балдырларда хлоропластаны хроматофор деп атайды. Балдырлардың әрбір систематикалық топтары үшін олардық пішіні тұрақты болады да, ол тұқым қуалайды. Хроматофорлар бөліну арқылы көбейеді. Көпшілік балдырлар бір ядросы, тек кейбіреулері 2-3, кейде көп ядролы болады [2].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет