Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б



бет4/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
курсовой систематика

Балдырлардың көбеюі.

Вегетативтік көбею бір клеткалы балдырларда клетканың жай 2,4 бөлінуі арқылы, қауымды формалары қауымның ыдырауы немесе аналық клетканың ішінде жаңа қауымның түзілуі арқылы көбейеді. Жіп тәрізді формаларда жіптің бөлшектерге бөлінуі, акинеттер, гормогоний, ал кейбір хара тәрізді балдырларда ерекше түйнектердің пайда болуы арқылы көбейеді.

Жыныссыз көбею балдырларда өте көп тараған және ол клеткада пайда болған споралар арқылы көбейеді. Көпшіліктерінің споралары қозғалғыш, клетка қабықшасы жоқ монада құрылысты келеді. Қозғалғыш болуына байланысты оны зооспора деп атайды. Зооспоралар бірнешеу, кейде көп болып зооспорангияда түзіледі. Зооспора вегетативтік бір клеткалы балдырға өте ұқсас болып келеді де, біраз қозғалып жүргеннен кейін қабыққа оранып жаңа балдырға айналады. Бірқатар балдырлардың споралары қозғалмайды. Оларды апланоспора немесе автоспора деп атайды.

Жынысты көбею кейбір төменгі сатыдағы балдырларда (дуналиелла) екі особь бүтіндей қосылады. Бұл жынысты көбею процесінің ең қарапайым түрін гологамия дейді. Көпшілік балдырларда жынысты жолмен көбею процесі екі жыныс клеткаларының - гаметаларының қосылуы арқылы жүреді, соның нәтижесінде бір клеткалы зигота түзеді. Мұнда гологамия сияқты екі гаметаның ядросы және протоплазмалары қосылып, клеткадағы хромосома саны екі есе көбейеді [2].

Гаметалардың морфологиялық айырмашылықтарына қарай жыныс процесінің үш түрі байқалады.

Изогамия жыныс процесінде сыртқы түрі жағынан айырмашылығы жоқ өзара ұқсас, қозғалғыш аналық және аталық гаметалар қосылады. Гетерогамияда аталық гамета аналық гаметаға қарағанда кіші және екі гаметаның екеуі де қозғалғыш келеді. Изогамета және гетерогамета түзілетін клеткаларды гаметангий деп атайды. Егер бір особьтан түзілген гаметалар қосылса, онда мұндай балдырларды гомотальдық, ал әр түрлі особьтардың қосылуын гетеротальдық балдырлар деп атайды. Балдырлардағы жынысты көбеюдің ең жоғарғы түрі - оогамия басқа жыныс процестеріне қарағанда өте күрделі. Мұнда жұмыртқа клеткасы қозғалмайды және ол қозғалғыш аталық жыныс клеткасы - сперматозоидтан бірнеше есе үлкен. Оогамиялық жыныс процесінде аталық жыныс клеткасын түзетін гаметангияны антеридий, ал жұмыртқа клеткасын - оогоний деп атайды, тек қызыл балдырларда ғана оны карпоген дейді [3].

Жыныс процесінің барлық кезеңдерінде аталық және аналық клеткалары қосылады. Соның нәтижесінде қолайсыз жағдайларға өте берік, қалың қабықпен қапталған, қоректік заттардың қоры жеткілікті қамтамасыз етілген зигота түзіледі. Зигота кейде теңіз балдырларында бірден, ал көбінесе тыныштық кезеңінен кейін редукциялық жолмен бөлінгеннен соң, хромосома саны екі есе азайып кемиді де, бұлар гаплойдты зооспораға ажырап төрт ұрпақ береді, кейде олардың саны көп болуы мүмкін. Олардың әрқайсысы жаңа гаплоидті особьқа айналады.

Бұлардан басқа ерекше жыныс процесі - зигогамия немесе коньюгация болады. Бұл процесте екі клетка көлденең өсінділер беріп, бір-бірімен түйіседі де бір клетканың ішіндегі протопласт екіншісіне құйылады. Бұларда талшықтар болмайды, сырт қарағанда гаметалар аналық және аталыққа айқын ажырамаған. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде спора пайда болудың алдындағы редукциялы бөлінуден кейін диплоидты хромосома жиынтығы гаплоидтарға ауысады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде, олардың ішінде балдырлардың әрбір систематикалық топтарында редукциялы бөліну даму циклдарының әр түрлі кезеңдерінде өтеді. Олардың біреулерінде жыныссыз ұрпақ - спорофит, жынысты ұрпақ - гаметофитпен дұрыс алмасып отырады [6].

Балдырлар - су өсімдіктері, олар теңіздерді, көлдерді, өзендерді, тоғандар мен батпақтарды мекендейді, жыралардың, шалшықтардың қай-қайсысында болмасын олар өте көп кездеседі. Бұл балдырларды сазды жерден, ағаштардың қабығынан, гүл еккен құмыралардан, дымқылды топырақтардан кездестіруге болады [1].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет