Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет1/3
Дата19.05.2017
өлшемі0,65 Mb.
#16447
түріСабақ
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Африканың географиялық орны, зерттелу

тарихы, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздері



Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Африканың географиялық орнының ерекшеліктерін түсіну, ашылу тарихымен танысу, материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді картадан таба білу.

Дамытушылық:

Оқыту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Ұжымдық қарым-қатынас, ынтамақтастық, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Сабақ әдісі:

Түсіндіру, дамыта оқыту, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі:

Оқулық, дүниежүзінің физикалық картасы, Африканың физикалық картасы, атлас, кескін карта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс:

тарих, биология

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. «Миға шабуыл».

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

ІV. Жаңа сабақты меңгерту.

V. Оқушылар білімін бекіту.

VІ. Үйге тапсырма беру.

VIІ. Бағалау.

VIIІ. Қорытындылау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау.


ІІ. «Миға шабуыл»

«Кім көп біледі?» ойыны. Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка аясында сұрақтар беріледі, қай оқушы алдындағы жетонды бұрын көтеріп, дұрыс жауап берсе, сол оқушыға бір жұлдызша беріледі.


  1. Ең ылғалды жасыл материк. (О. Америка)

  2. Еуразияның аралдарымен қоса есептегендегі ауданы. (54 млн.км.кв.)

  3. Солтүстік Америка даласы. (Прерий)

  4. Картоп, жүгері отаны Оңтүстік Америка екенін дәлелдеген кім? (Н.Вавилов)

  5. Бразилия саваннасы. (Кампос)

  6. Әлемдегі ең биік сарқырама. (Анхель)

  7. Солтүстік Американың байырғы халқы. (Үндістер мен эскимостар)

  8. Жер шарында шауын-шашын мол түсетін аймақ. (Черапунджи)

  9. Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі. (Аконкагуа)

  10. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау. (Ключи шоқысы)

  11. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал. (Гренландия)

  12. Солтүстік Америка материгінің ең төмен нүктесі.(Өлі теңізі-86 м)

  13. Орталық Азия табиғатын зерттеген саяхатшылар. (Н.Пржевальский, П.Семенов, Ш.Уәлиханов)

  14. Мариан шұңғымасының тереңдігі. (11022 метр)

  15. Жер шарындағы суы мол өзен. (Амазонка)

Қорытынды жасап, кім қанша және қандай жұлдызша алғанын анықтау.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Балалар, сендер Африка туралы не білесіңдер? Теледидардан, кітаптан Африка материгі туралы естігендерің, көргендерің, оқығандарың бар шығар. Сол білгендеріңді мына кестедегі білемін бағанасына толтырыңдар.



( Кестедегі бағанасын толтырады, 1-2 оқушының жауабын тыңдау)



ІV. Жаңа сабақты меңгерту.

  1. Ой шақыру стратегиясы.

Ежелгі біртұтас материк Пангея туралы не білесіңдер?

Оның Африка материгіне қатысын түсіндіру.



Материктің географиялық орнының қандай ерекшелігі бар?

Балалар, бүгін біз Африка материгі туралы білімімізді одан әрі толықтырамыз: «Африка» тарауын бастай отырмыз. Бұл тарауда материктің географиялық орнын, зерттелу тарихын, жер бедері мен пайдалы қазбаларын, климатын, ішкі суларын, табиғат зоналарын, халқы мен елдерін оқып білеміз. Бүгінгі сабақты тақырыбы – Африканың географиялық орны мен зерттелуі. Ең алдымен материктің географиялық орнын анықтауымыз керек. Ол жұмысты мына жоспарға сүйене отырып және карталарды пайдаланып жүргіземіз.

Африка – Жердің, Еуразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материк. «Афри » атауы Солтүстік Америкада, Карфагенде өмір сүрген тайпа атауы деген болжам бар.

Материктің ауданы аралдармен қоса алғанда 30,3 млн.км.кв., ал аралдарсыз – 29,8 млн.км.кв. Материктің көлемді бөлігі солтүстік жарты шарда жатыр, бірақ геологиялық дамуы мен табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шар материктеріне ұқсас болғандықтан оңтүстік жарты шардың материгі болып саналады. Материкті бастапқы меридиан батыстан қиып өтеді де, аз бөлігі батыс жарты шарда, көп бөлігі шығыс жарты шарда орналасқан. Солтүстік және оңтүстік тропик шеңберлері қиып өтеді, материктің көп бөлігі екі тропиктік аралығында жатқандықтан, материк аумағына күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық материк.



Каталог: uploads -> doc -> 0e20
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e20 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Мәтінді мәнерлеп дұрыс түсініп оқи отырып, мазмұнын меңгерту, негізгі ойды ашу. Дамытушылығы
0e20 -> Сабақтың тақырыбы: Сын есім (презентациясымен) Сабақтың мақсаты
0e20 -> Ағаш ексең терлеп, Мұның аты еңбек. Кесте тіксең зерлеп
0e20 -> Күні: 08. 09. 2015. Тақырыбы : Ата Заңға 20 жыл
0e20 -> Математикалық тапқыр достар атты сайыс сабағының жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет