Оқушылар берілген ұлт өкілдері арқылы топтасады. Әр топ өз топтарында топбасшыларын сайлайды.
Оқушылар шығармашылық тапсырмаларын оқып шығады.
Тұсаукесер
(5 мин)
Оқушыларға сабақ басында бейнебаян көрсету. Қазақстандағы халықтар Ассамблеясына 20 жыл толуына орай дайындалған роликті көру арқылы оқушыларға «Ой қозғау» сұрақтарын қою (5 мин) Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілі тұрады?
Қандай ұлт өкілдері бар?
Сенің басқа ұлт өкілінен досың немесе танысың, жақының бар ма?
Ара қатынасың қандай?
Биылғы жыл тарихта қалай қалмақшы?
Халықтар Ассамблеясын қалай түсінесің?
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алу.
Оқушылар бейнебаянды тамашалап, сұрақтары болса, мұғалімге сұрақ қояды. «Ой қозғау» сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындайды.
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтаған соң дәптерге жазып алады.
Негізгі бөлім
(25 мин)
Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушыларға тапсырмалар беру;
Мәтінді оқып шығу (3 минут)
«Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы тақырыпты жұпта талдайды. (5 мин)