Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б


-сурет. Ксантосифондылар класы (ксантосифоновые)- (Хantosiphonophyceae)



бет8/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
курсовой систематика

3-сурет. Ксантосифондылар класы (ксантосифоновые)- (Хantosiphonophyceae)
1.2.5 Диатомды балдырлар бөлімі (Диатомовые) – (Diatomophyta)

Диатомды балдырлар бөліміне жататын балдырлардың барлығына тән басты ерекшелік – клеткалық құрылысында. Клетканы іш жағынан пектинді қабық, ал сыртынан кремнеземнен құралған екі жақтаулы берік сауыт қаптап тұрады. Клеткасы бір ядролы, хроматофорасы бірден бірнешеуге дейін болады. Клеткасының пішіні әртүрлі. Оның ішіндегі бос орынды клетка шырынына толы вакуоля алып жатыр. Хроматофорасында хлорофиллдің а және с пигменттерінен басқа қоңыр – фукоксантин, сары – каротин пигменттерінің болуына байланысты балдырлардың түстері сарғыш түсті болып келеді. Қор заты ретінде крахмалдың орнына май және полисахарид – лейкозин жиналады.    Диатомды балдырлар микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер. Клетканың пішіні дөңгелек, үш бұрышты, сопақ, трапеция және цилиндр тәріздес болып келеді. Диатомды балдырлар клетканың жай екіге бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныс процесі екі вегетативтік клетканың бірігуі арқылы жүзеге асады [10].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет