Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б


-сурет. Диатомды балдырлар бөлімі (Диатомовые) – (Diatomophyta)



бет11/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
курсовой систематика

4-сурет. Диатомды балдырлар бөлімі (Диатомовые) – (Diatomophyta)
1.2.6 Хара  балдырлар бөлімі (харовые) - (Charophyta)

Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша хара балдырлардың 300-дей түрі сипатталады.Талломы күрделі тарамдалған болып келетін үлкен балдырлар. Олар көп жағдайда тұщы суларда кездеседі (көлдерде, өзендердің ескі арналарында), кейде су астында ну болып жиі өседі. Жыныссыз жолмен көбеймейді. Вегативтік көбеюі ризоидтарында пайда болатын түйнектері немесе талломының төменгі бөліктері арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбею органдары - оогоний мен антеридийлері көп клеткалы. Хара балдырлары эволюциялық тұрғыдан қарағанда жасыл балдырлардың ішіндегі ең жақсы жетілгендеріне жатады [9].   Хара туысы - (Сhara). Талломының ұзындығы бірнеше ондаған сантиметрге жетеді. Оның тік тұратын “сабағы” буынға және буын аралықтарына бөлінген. “Сабақтың” буындарынан  “жапырақ” деп аталынатын бүйірлік бұтақтардың шоқтары кетеді. Талломның өстік бөлігі ортаңғы үлкен клеткадан тұрады, оны ұсақ клеткалар қоршап жатады. Талломы ризоидтары арқылы судың түбіндегі субстратқа бекініп тұрады. Вегативтік көбеюі ризоидтарында түзілетін түйнектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбейгенде кейбір бір клеткалы бүйірлік бұтақшаларының қолтықтарында оогоний мен антеридий жетіледі. Оогоний сопақша формалы болып келеді. Оның қабырғалары спираль тәрізді болып бұралған ұзынша клеткалардан тұрады. Осы клеткалардың жоғарғы ұшы тәж (коронка) деп аталынатын 5 қысқа клеткадан тұратын өсіндіге айналады. Оогонийдың ішінде жұмыртқа клеткасы жетіледі. Антеридийі оогонийіне қарағанда кішілеу және формасы шар тәрізді болып келеді. Пісіп жетілген кезінде олар қызғыш-сары түске боялады. Антеридийдің қабырғасы қалқанша (щит) деп аталынатын сегіз үшбұрышты клеткалардан тұрады. Қалқаншадан антеридийдің ішіне қарай ерекше сүйеніш немесе тұғыр кетеді, оларға шұмақталып оралған спермаген жіпшелері бекінеді. Әрбір жіпше 100-300-ге дейін диск тәрізді жалпақ клеткадан тұрады, олардың әрқайсысында бір-бірден спираль тәрізді бұралған екі талшықты сперматозоид жетіледі.



        Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота (ооспора) түзіледі. Осыдан кейін ооспора тыныштық қалыпқа көшеді. Ооспора өсер алдында, оның диплоидты ядросы редукциялық жолмен бөлінеді. Нәтижесінде қысқа тарамдалған гаплоидты жіпше-өскіннің бастамасы жетіледі, одан жаңа өсімдік пайда болады. Өмірлік циклы гаплоидты фазада өтеді, зигота ғана диплоидты (19-сурет) [9].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет