Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б


-сурет. Көк - жасыл балдырлар бөлімі - (Cyanophyta)



бет13/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
курсовой систематика
биологиялық кеш, биологиялық кеш, слайд систематика, Документ Microsoft Office Word (2)
6-сурет. Көк - жасыл балдырлар бөлімі - (Cyanophyta)

1.2.8 Жасыл балдырлар - ( Chlorophyta )

Төменгі сатыдағы  өсімдіктердің  бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларды  мекендейді. Тұзды және теңіз суларында,топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі.

Қазақстанда 178 туысы, 700-дей түрі анықталған. Бұлар бір клеткалы, көп клеткалы, колониялы тіршілік етеді. Клеткалары бір не көп ядролы, кейде жалаңаш, көбінесе целлюлозалы  және пиктинді  қабықшамен қапталған.Кейбір түрлері ірілігіне әрі тарамдалғанына қарамастан клеткаларға бөлінбеген (сифонды жасыл балдырлары). Клеткаларында  хлорофилл  басым болғандықтан түсі жасыл және жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей  каротин,  ксантофил  пигменттері болады.Қор заты – крахмал, кейде  май. Жыныссыз (зооспораларымен, жылжымайтын спораларымен), жыныстық (изогамия,  гетерогамия,  оогамия, коньюгация) жәневегетативтік (бір клеткалы түрлері – екіге бөліну арқылы, көп клеткалы түрлері – жіпшелерінің бөліктерімен) жолдармен көбейеді. Кейде бір клеткалы және колониялы түрлері (вольвоксты жасыл балдырлары) шамадан тыс көбейіп кетсе, су «гүлдеп» тұрғандай көрінеді.

Жасыл балдырларыдың  теңіз салаты (Ulva), монострома (Monostroma) түрлері Шығыс Азияелдерінде тағам ретінде пайдаланылады. Бір клеткалы жасыл балдырларды (хлорелла, сценедесмус, т.б.) тағамға, малға жем ретінде, лас суды, ауаны (ғарыш кемелерінде, сүңгуір қайықта) тазарту үшін қолдан өсіреді [1].



Жасыл балдырлар – табиғатта көп тараған, жиі кездеседі, 15000-нан астам түрлері бар. Оларға бір клеткалы, қауымды, көп клеткалы тарамдалмаған /трихальды/ және тарамдалған /гетеротрихальды/ жіптесінді, пластинкалы және сифонды құрылысты балдырлар жатады. Бұлардың ішінде барлық структуралық құрылысчты организмдер бар. Осындай алуан түрлілігіне қарамастан барлықтарына тән аттарына байланысты хлоропластың таза жасыл түсті болып келуі, онда хлорофильдің және пигметтерінің басым болып келуінде, сонымен бірге қосымша каротин, ксантофилл пигменттері де болады. Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Бір клеткалы түрлерінде клетканың жай екіге бөлінуі, қауымды және жіптесінді формаларында қауымның ыдырауы мен жіптің бөлшектерге үзілуі арқылы вегетативтік көбейеді. Жыныссыз көбеюлері зооспоралар мен қозғалмайтын апланоспоралар арқылы болады. Жасыл балдырларда гологамиялық, изогамиялық, гетерогамиялық және оогамиялық жыныс процестерінің болуымен бірге зигогамиялық та жыныс процесі болады. Кейбір түрлерінде изоморфты ұрпақ алмасуы байқалады. Жасыл балдырлардың басым көпшілігі тұщы суларда, біраз түрлері теңіз суларында кездеседі, кейбір түрлері ылғалды топырақты, ағаштың қабығын мекендейді [3].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет