Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б


Сифонды балдырлар класы - (Siрhоnорhусеае)



бет16/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
курсовой систематика
биологиялық кеш, биологиялық кеш, слайд систематика, Документ Microsoft Office Word (2)
1.2.11 Сифонды балдырлар класы - (Siрhоnорhусеае)

Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлардан айырмашылығы сол, олардың клеткалық құрылысы болмайды. Сифонды балдырлар түрлерінің саны онша көп емес (400-500 түрден аспайды). Сифонды балдырлардың 90%-ті теңізде өседі. Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы. Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін талломының ұзындығы 0,5 метр, кейде одан да көптеу (1 метрге жететін) болатын балдыр. Сырт қарағанда оның субстратқа төселіп жататын "тамырсабағы", одан жоғары тік өсетін "сабақшасы" үлкен "жапырақ" тәрізді жасыл пластинкалары және субстратқа бекініп тұратын "тамыр" тәрізді ризоидтары болады. Алайда бұл протопласты барлығына ортақ, көп ядролы, жасыл дән тәрізді хроматофорасы бар, аса үлкен бір клетка түрінде болатын балдыр, талломының қуысы ешбір перделермен бөлінбеген, яғни клеткаланбаған, бірақ оны целлюлозалы тіректер қиып өтеді. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық процесі изогамиялы. Өмірлік циклының барлығы дерлік диплоидты фазада өтеді. Мейоз процесі изогаметалар түзілердің алдында ғана жүреді [8].



.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет