7-сурет. Жасыл балдырлар - ( Chlorophyta )
1.2.9 Вольвоксты – балдырлар - (Volvocales)
Бұл қатарға вегетативтік уақытында қозғалғыш келетін бір клеткалы, ценобиальды-монада құрылысты организмдер жатады. Хламидомонада туысы бір клеткалы дөңгелек, сопақ, ұршық т.б. пішінді, монада құрылысты организм. Вольвокс туысы шар пішінді, диаметрі 2 мм-ге дейін жететін ценобиальды балдыр. Ценобиаль құрайтын клеткалар шардың сыртқы бетіне орналасады да бір-бірімен протоплазмалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Ал шар, сыртынан тор сияқты болады. Мұндағы клеткалар саны 500-ден 60000-ға дейін барады. Вольвоксты құрайтын клеткалар құрылысы жағынан хламидомонадаға ұқсас, олардың әрқайсысының хлоропластасы, цитоплазмасы, ядросы, көзшесі және екі талшығы болады. Осы талшықтардың бір бағытқа қарай қозғалуына байланысты бір орнынан екінші орынға қозғалып отырады. Вольвокс клеткалары біркелкі болмай ірілі-ұсақты болып келеді. Ұсақ клеткалар бөлінуге қабілетсіз. Олар көмір қышқыл газынан жарықта көміртегін ассимиляциялайды, сөйтіп фотосинтез қызметін атқарады. Ал ірі клеткалар көбеюге қабілетті. Ондай ірі клеткалардың саны оншақты, оларды партеногонидиялық клеткалардың бойлай бөлінуі арқылы жаңа клеткалар түзіледі, бұлардан дамыған пластинка табақ сияқты сыртқа қарай дөңгеленіп иіледі. Бұл кезде денесінің алдыңғы жағы иілген пластинканың ішіне қарап жатады, кейіннен алдыңғы жағы арқылы сыртқа қарап айналып түседі де пластинка шеттері арқылы түйісіп, іші қуыс шарға айналады. Кейінгілердің клеткалары аналық шардың клеткаларына ұқсас және әрбір клетка екіден өзіне талшық түзетін болады. Мұндай жас шарлар бірнешеу болып, аналық шардың орта қуысына түсіп қозғалады. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы жыртылады да жас шарлар сыртқа шығып, өз беттерімен тіршілік ете бастайды. Жынысты көбеюі оогамиялы [3].
Достарыңызбен бөлісу: |