Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б


-сурет. Хара  балдырлар бөлімі (харовые) - (Charophyta)



бет12/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
курсовой систематика

5-сурет. Хара  балдырлар бөлімі (харовые) - (Charophyta)

1.2.7 Көк - жасыл балдырлар бөлімі - (Cyanophyta)

  Бір клеткалы, колониялы және көп клеткалы жіп тәрізді балдырлар. Бұлардың талшықты қозғалғыш кезеңі, клеткада белгілі қалыптасқан ядросы және хромотофорасы болмайды. Түсі атына сай көк-жасыл немесе сарғыш; крахмал жиналмайды, жыныс процесі жоқ. Бір клеткалы көк-жасыл балдырлар вегетативтік жолмен клетканың тең екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Көп клеткалы жіп тәрізді формалары ерекше гормогония деп аталатын көп клеткалы бөлшекке бөлініп кетуі арқылы көбейеді. Көк-жасыл балдырлардың клетка қабықшасына жанаса өте ұсақ түйіршіктер түрінде азықтық қор  қор заттары жиналады, кейде май тамшылары да болады. Хроококкалар класына бір клеткалы, не колониялы түрлері кіреді. Оның өкілі – хроококк тұщы суда және ылғалды топырақты жерлерде аса көп тараған шар тәрізді бір клеткалы балдыр. Колония құрайтын түріне қалың қабықшасы бар, шар пішінді глеокапса жатады. Гормогониялар класына – колониялы және жіп тәрізді балдырлар жатады.Эндоспора құрамайды, көпшілігінде гормогония түзіледі. Жіп тәрізді көп клеткалы өкілі – осциллятория. Анабена клеткалары біркелкі емес, жіптері жұмыр клеткалардан тұратын колония түзеді. Носток жіптері анабенаға ұқсайды, бірақ жұмыр шар тәрізді клеткалар тізбегінің сыртында қоршап жатқан кілегейі болады. Батпаққа айналып бара жатқан көлдерде жиі кездеседі [3].








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет