Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б



бет9/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
курсовой систематика

Классификациясы. Диатомды балдырлар сыртқы кремнеземді қабықтарының құрылысына  және көбею ерекшелігіне қарай екі класқа бөлінеді: пеннатталылар класы (Pennatophyceae) – екі жақты симметриялы жақтаулы болып келуімен сипатталады, центрикалық диатомдылар - немесе орталықтылар класы (Centrophyceae) – жақтаулары радиалды құрылысты және дөңгелек пішінді келеді [3].

 Пеннатталылар (Pennatophyceae) класы 4 қатардан тұрады. Бұл кластың өкілі ретінде тұщы суда тіршілік ететін пиннулярияны (Pinnularia) қарастырамыз. Пиннулярия эллипс пішінді, үлкен бір клеткалы балдыр. Пиннулярияны жақтау жағынан қарағанда орталық сызықтың бойынан үш төмпешікті көреміз. Оның біреуі ортасында, қалған екеуі жақтаудың ұшына таяу орналасады. Ол қабықтың ішкі жағының қалыңдауынан пайда болған төмпешіктер, оны түйін деп атайды. Түйіннің бір ұшынан екінші ұшына қарай жақтауды ортасынан жарып, S әрпі тәрізді тігіс өтеді. Ішкі кіші жақтау – гипотека, оны жауып тұрған үлкен жақтауды – эпитека деп атайды (3-сурет) [3].



Центрикалық диатомдылар немесе орталықтылар (Centrophyceae) класының бір клеткалы өкілі тұщы  және теңіз суларында тіршілік ететін планктонды балдыр – циклотелла (Cyclotella), коллониялы өкілі – мелозира (Melosira).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет