2-сурет. Сары - жасыл балдырлар бөлімі – Xanthophyta
1.2.4 Ксантосифондылар класы (ксантосифоновые)- (Хantosiphonophyceae)
Бұл класқа сифонды құрылысты, талломы клеткаланбаған сары-жасыл балдырлар жатады. Негізгі туысы – вошерия (Vaucheria). Вошерия туысын жасыл балдырлар бөліміне жатқызып келген, алайды пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының өніміне қарай систематиктер бұл туысты сары-жасыл балдырларға жатқызуға мәжбүр болды. Вошерия ақпайтын тұщы, ағын суларда және су қоймаларының жағалауында қара-көк түсті жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа ризоидтары арқылы бекініп тұрады. Талломы клеткаланбаған, тармақталған көп ядролы, диск тәрізді көптеген ұсақ хромотофорлары болады.жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзеді. Онда екі-екіден жұптасқан, талшықтары бар бір ғана зооспора жетіледі. Зооспора суда біраз уақыт жүзіп жүреді де, талшығын тастап, тоқтап өседі де, жаңа талломға айналады. Жыныстық процессі оогамиялы. Антеридийі мен оогонийі бір клеткалы. Біраз тыныштық кезеңнен соң, зигота редукциялық жолмен бөлініп, өседі, жаңа дараққа айналады (2-сурет) [3].
Достарыңызбен бөлісу: |