Алматы-2020 жыл
Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Сода өндірісінде көп мөлшерде натрий тұздары Na2CO3- кальцинирленген сода, NaНCO3- ас содасы, Na2CO3. 10Н2О кристалданған сода және NaOH-каустикалық сода түрінде шығарылады. Осылардың ішінде химиялық өнеркәсіпте әртүрлі өнімдер және басқа заттарды алуға негізгі шикізат ретінде ең көп қолданылатыны да, көп өндірілетіні де кальцинирленген сусыз сода. Na2CO3- ақ түсті ұнтақ, суда жақсы ериді. Ол шыны өнеркәсібінде, ауыр әне жеңіл өнеркәсіпте, мұнай өнімдерін тазалауда, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, сабын, лак, бояу жасау, тамақ өнеркәсібінде, металлургияда, кір алғыш зат ерітіндісін жасауда, Na5Р3O10 алуға т. б. салаларда қолданылады. Аммикаты әдіспен Na2CO3 алу технологиясы өте күрделі үдерісс және бірнеше сатыдан тұрады. Осыған қарамастан Na2CO3 алуға қолданылатын шикізаттар өте арзан және Қазақстанда жиі кездеседі. Мысалы ас тұзы (тұздық) әртүрлі терең көл, өзен, теңіз, мұхит суларында, әсіресе Эльтон көлінде, Тобылғысай, Шөладыр т. б. жерлерде кездеседі
Достарыңызбен бөлісу: |