Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Дәріс № 3. Дәріс тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі



бет6/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Дәріс № 3.
Дәріс тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі.
Дәріс мақсаты: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі, И. М. Сеченов және И. П. Павлов шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі, үлкен ми сыңарларының аналитикалық-синтетикалық қызметі, бірінші және екінші сигналдық жүйелер, олардың сыртқы дүниені танып білудегі маңызын, жүйке жүйесінің типтерінің функциясын қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:



  1. Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі іліміндегі И. И. Сеченов пен И. . Павлов еңбектерінің маңызы.

  2. Шарты және шартсыз рефлекстер.

  3. Шартты рефлекстегі тежелу түрлері.

  4. Баланың жоғарғы ждәрежелі жүйке қызметі және типтік ерекшеліктері

Ми сыңарларының дамуы. Үлкен ми сыңарлары мидың ең жас түзінділері болып табылады. Олар алғашында маңдай, одан соң төбе және шүйде, ақырында, самай бөлігінде үлкейе бастайды. Ми сыңарларының бұлайша әркелкі өсуі, қабықшамен және бас сүйгімен шектелуі қатпарлардың түзілуіне себепші болады. Мұндай қатпарлардың арасындағы ойыстарды сайлар деп, ал көтеріңкі бөліктерін – иірімдер деп атайды.
Ірі сайлар (орталық, самай, иіс т.б.) бала өмірге келгенге дейін-ақ пайда болады. Бұлар бірінші категориядағы сайлар. Орташа шамадағы сайлар кейінірек пайда болады да екінші категориядағы сайлар деп аталады. Сонымен қатар, бала өмірінің алғашқы жылында ұсақ және өте ұсақ сайлар өсіп жетіледі.
Сайлар мен иірімдердің бәрі бірігіп, ми қыртысының бетін едәуір арттырады, ми сыңарлары бетінің рельефін түрлендіріп, оны күрдделендіреді. Алайда олардың саны да, өлшемі де, оған қоса нейрондардың мөлшері мен мидың жалпы салмағы да адамның ақыл-ой дарындылығының көрсеткіштері бола алмайды.
Ми сыңарларының горизонталь және көлденең кесіндісінен сұр зат – ми қыртысы, ал олардың астыңғы жағынан сұр зат араласқан ақ зат – қыртыс асты ядролары көрінеді.
Ақ заттан талшықтарды байқауға болады, олардың арасынан екі ми сыңарының қыртысын байланыстыратын комиссуралық (ми қыртысының жабысқан жері – мүйізгек дене арқылы өтеді), бір ми сыңарының әр түрлі учаскелерін байланыстыратын ассоциациялық және қыртысы ми діңімен байланыстыратын проекциялық талшықтарды ажыратады.
Қыртыс асты ядролары – мидың ежелгі пайда болған түзінділері. Олар ми қыртысына функциональды түрде тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет