Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Дәріс №6-7 Дәріс тақырыбы: Асқорыту жүйесі, оның жасқа байланысты дамуы



бет25/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.

Дәріс №6-7

Дәріс тақырыбы: Асқорыту жүйесі, оның жасқа байланысты дамуы.


Дәріс мақсаты: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері, зат және энергия алмасу, тамақтану гигиенасы туралы білімдерін тереңдету.
Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

  2. Тістер. Тістің алмасуы.

  3. Зат және энергия алмасу.

  4. Тамақтану гигиенасы.

Ас құрамындағы қоректік заттар адам денесіндегі ұлпалардың жаңаруына, жасуша түзілуіне, адамның өсу-дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалы, тіршілікке жұмсалатын энергия көзі. Тағам құрамындағы қоректік затарды қарапайым қосынды – мономерлерге дейін ыдыратуды асқорыту деп атайды.
Асқорыту жүйесі – астың қорытылуын қамтамасыз ететін мүшелердің жиынтығы. Ол асқорыту каналы және асқорыту бездерінен тұрады. Асқорыту каналының ұзындығы 8-10 м, оның бөлімдері: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішек. Асқорыту түтігінің қабырғасы күрделі 3 қабаттан тұрады: ішкі- шырышты, ортаңғы-етті, сыртқы –дәнекер ұлпасы, ір қабаты.
Асқорыту жүйесінің қызметі:

  1. Сөл шығару (секреция, секреторлы қазмет) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер (гидролазалардан) тұрады: протеаза (белоктарды пептид, амин қышқылдарына ыдыратады), липаза (майды – май қышқылы мен глицеридке), карбогидролазалар – полисахаридтерді (крахма, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.

  2. Қимыл (моторлық қызмет) қызметін бірыңғай салалы еттер атқарады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтардан құралған. Асқорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі тарылып, ұзарады, ал ұзыннан орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар сыртқа шығарылады.

  3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі. Адамға қажетті қоректік заттар қарапайым қосындыларға ыдырап, биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Жалпы алғанда қоректік заттар ащы ішекте сіңеді.

  4. Экскреторлық қызмет- тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі.

  5. Эндокриндік қызмет. Ішек-қарын кілегейлі қабығында, қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен асқорыту процесін, зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Мұндай гормондар – гатроинтестиналдық гормондар деп атайды. (гастрин, секретин, панкиреозимин – холецистокинин, энтерокинин, гастрон).

Асқорыту – өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып организмге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынымен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады, бұлардың әсерін күрделі заттар қарапайым заттарға ыдырайды.
Су, минералды тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидролаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:

  1. Аутолитикалық ферменттер – тағамдық заттар (ана сүті құрамындағы ферменттер).

  2. Симбионттық гидролазалар – бактериялар мен бір клеткалы жасушалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік процестерді іске асырады (мысалы, күйіс қайыратын малда клечатканы ыдырататын ферменттер). Адамда симбиоттық гидролиз тоқ ішекте ғана кездеседі.

  3. Меншікті гидролазалар – жануарлар, адам организмінде осқорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндегі негізгі ферменттер.

Гидролиз ферменттерінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан тысқары жердегі асқорыту болып екіге бөлінеді: жасуша ішіндегі асқорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы жасушаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды (лейкоцит, лимфоциттерде, ретикулоциттер және гистоциттерде ас осылай қорытылады).
Жасушадан тыс жерде асқорыту – дистанттық (қуыстық) және контактық (мембраналық) асқорыту болады. Дистанттық асқорыту ферменттер түзілетін жасушадан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді, ал контактық асқорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларда гликолистік ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликоликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек эпителий бетіндегі микротүтіктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы ішек жасушаларына өтеді. Сонымен ішек-қарын гастроинтестиналдық гормондары:

  1. Асқорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын үдетеді.

  2. Арэнтерин деп аталатын гормон жасөспірім денесінде ассимиляция (түзіліс) процесін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею қарқынын үдетеді, адамның тәбетін жақсартады, диэнтерин гормоны зат алмасу қарқынын реттейді.

  3. Түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіреді, биологиялық мембрананың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп пофилактикалық әсер етеді.

Сілекей бездері ерін мен ұртта сілемейлі қабығында орналасады. Олар ұсақ және бірнеше бөлінеді:

  1. Ақуыздық (серозды) – ақуыз көп, муцин болмайды;

  2. Кілегейлі (ақуыз болмайды, муцин көп);

  3. Аралас.

Құлақ маңы сілекей безі – ең ірі жұп без (20г). Құлақ қалқанының астынғы жағында, жақ шұңқырының артында орналасқан. Түтігі жақ етін көлденең басып, жоғарғы 2-ші үлкен азу тіс тұсынан ашылады. Серозды (белокты) секрет бөледі. Иттің құлақ маңы сәлекей безінен фистула қою арқылы Павлов және Глинский таза сілекей бөліп алған.
Жақасты безі (15 г) төменгі жақтың екі қарынды бұлшықет ауыз қуысына тілдің пердесі қасынан ашылады. Секреті аралас, шырынды белокты.
Тіл асты безі (5 г) шырышты қабықпен ажыратылған тіл астында орналасады. Тіл астында ашылатын 10-12 өзегі болады. Аралас, сөлдері шырынды. Сілекей асты ылғалдайды және құрамында қантты ыдырататын фермент птиалин бар.
Сілекей – ол сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, ауыздың шырышты қабығында орналасқан ұсақ бездердің сөлі, бұл алғашқы асқорыту шырыны. Ол шуатпалы, түссіз сұйықтық, рН- 7,2. Тәулігіне ересек адамда 2 л сілекей бөлінеді. Құрамы 99% - судан, 1 % бейорганикалық (калий, хлор, натрий, кальций), органикалық (муцин) және ферменттер:

  1. Амилаза (птиалин) – крахмалды мальтозаға дейін ыдыратады;

  2. Мальтаза – мальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады;

  3. Лизоцим – бактериоцидтік қасиеті бар.

Амилаза және мальтаза тек қана әлсіз сілтілі ортада жұмыс атқарады.
Сілекейдің қызметі:

  1. Асқорыту (көмірсулар);

  2. Экскреторлы (шығару);

  3. Қорғаныш (муцин);

  4. Бактериоцидтік (лизоцим);

  5. Қанды қалпына келтіретін.

Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады. Ол шартсыз және шартты рефлекстер арқылы сілекей шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет