Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



бет47/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.

Қол бұлшықеттері

  1. Дельта тәрізді бұлшықет. Ол иық буынын жабады. Ол 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Әрбір бөліктің өзінің қимылдайтын бағыты болады.

  2. Бицепс. Қолдың алдыңғы жоғары жағында орналасқан. Қолды шынтақ буынымен бүгеді.

  3. Трицепс. Қолдың арты жоғарғы жағында орналасқан. Қолды шынтақ буынымен жазады.

  4. Саусақтарды жазғыштар мен бүккіштер. Олар саусақ қозғалысымен бағытталады.

  5. Бұғана – төс-емізік бұлшық еті. Бұлшықет біржақты жиырылғанда мойын, бас сол бағытта қисайып айналады, екі жақты жиырылғанда бас тік ұсталады, күшпен жиырылса бас артқа тартылады.

  6. Мойының түп жағында орналасқан сатылы бұлшықет. Омыртқа қозғалысына көмектеседі.

  7. Трапеция тәрізді бұлшықет. Ол – арқаның жоғары тұсындағы жалпақ бұлшықет. Ол жауырынды көтеріп, түсіріп, басты артқа бұру қызметін атқарады.

Кеуде бұлшықеттері.
Кеуденің үлкен бұлшық еті. Қолды денеге жақындатып, ішке қарай бұрады.

  1. Алдыңғы тісті бұлшықет – жоғарғы ІХ қабырғалардан тіс тәрізді басталып, жауырының медиаль шеті мен төменгі бұрышына келіп жабысады. Қызметі: жауырынды алға тартады, қолды горизонталь созуға мүмкіндік жасайды.

  2. Қабырғааралық бұлшықеттер. Қабырғада орналасқан тыныс алу кезінде жұмыс атқарады.


Іштің бұлшықеттері.



  1. Іштің тік бұлшықеті – төс сүйегінің семсершесінен және қабырғалардың шеміршегінен басталып шат сүйегіне келіп бірігеді. Кеудені алға қарай бұрады.

  2. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті - жалпақ ет, төменгі VІІІ қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып жабысады.


Арқа бұлшықеттері.



  1. Арқаның өте жалпақ бұлшықеті - төменгі VІ кеуде омыртқасының қылқаншасынан барлық бел омыртқаларынан, мықынның қырынан басталып жоғары көтеріліп, қыр сүйегінің басындағы кіші томпаққа барып бірігеді. Иықты кеудеге келтіріп, қолды ішке бұрап, артқа қарай тартады.

  2. Ұзын бұлшықеттер. Омыртқаны бойлай орналасқан. Кеудені жан – жаққа бұрып, жазады.

  3. Трапеция тәрізді бұлшықет, арқа бұлшықетіне де қатысы бар.


Аяқ бұлшықеттері.



  1. Жамбас бұлшықеті. Аяқты ұршықты буын түрінде қозғалтады, жазады, санды ішке, сыртқа айналдырады. Кеудені тік етеді.

  2. Санның 4 басты бұлшықеті – санның алдыңғы бетінде орналасады. Тізе тобығын жауып, балтырды тізе буынында жазады.

  3. Санның 2 басты бұлшықеті – санның артқы бетінде орналасқан. Тізе буыны аяқты бүгіп, ұршықты буын түрінде жазады.

  4. Балтыр бұлшықеті. Тізе арт жағында орналасқан табанды бүгіп, тізе буынының бүгілуін қамтамасыз етеді.

  5. Камбал тәрізді бұлшықет. Тізе тереңдігінде орналасқан. Табанды бүгеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет