Тыныс алудың түрлері: а) қабырғалық (косталдық) немесе көкіректік тыныс алу әйелдерде;
б) іштік (абдоминалдық) немесе көкеттік тыныс алу ерлерде;
в) қабырғалық - іштік немесе аралас тыныс алу ересек малда болады.
Төмендегі факторларға байланысты тыныс алу түрлері өзгереді: жасқа, киімге, мамандыққа, жүктілікке.
Адам дем алғанда инспирация еттері жиырылады да, көкірек қуысын кеңейтеді: диафрагма жиырылады, оның күмбезі жазылып 1,5 см төмендейді. Сөйтіп көкірек қуысы жоғарыдан төмен қарай кеңиді, сыртқы қабырға аралық және шеміршекаралық еттер тартылып, қабырғаларды жоғары қарай көтереді, осы кезде төс алға қарай ығысады да солдан оңға, оңнан солға және арттан алға қарай көкірек өлшемдері ұлғаяды, сөйтіп көкірек кеңейеді. Өкпе альвеолалары серпімді ұлпаларға бай, осыған байланысты олар жазылып ұлғаяды да, көкірек қуысын кернеп, түгелдей жайлап алады. Осы сәтте альвеолаларда қысым азаяды да сырттан тартылған ауа өкпеге қарай ойысады. Одан әрі инспирация еттері босап қабырғалар мен төс әдеттегі орындарына түседі, бірден көкет күмбезі көтеріледі де көкірек қуысы тарылады, өкпенің аумағы кішірейеді.
Көкірек қуысының тарылуы эксприрация еттері, яғни ішкі қабырғаралық бұлшықеттердің жиырылуына байланысты. Осы кезде альвеолаларда ауа қысымы күшейеді, ауа өкпеден сыртқа қарай ығысады. Терең дем алғанда қосымша тыныс алу бұлшықеттері бұл процесті күшейте түседі. Бұл үлкен және кіші кеуде бұлшықеттері, алдыңғы тіс тәрізді бұлшықеті. Ал демді қатты шығару тура, қиғаш, көлденең жолақты бұлшықеттердің жиырылуына байланысты.
Тыныс алу циклі: дем алу (0,9-4,7 сек);
дем шығару (1,2-6 сек);
үзіліс
Қалыпты жаңдайда дем алу әрқашан дем шығарудан қысқа. Үзіліс қысқа немесе болмайды. Қалыпты жағдайда ересек адамдарда тыныс алу жиілігі минутына 16-18, жаңа туған балаларды 60 рет болады. Тыныс алу жиілігі жүрек соғуынан 5 есе аз. Тыныс алу жиілігі мен тереңдігіне дене жүктемесі, организмнің жаттығу деңгейіне, температуралық және эмоционалдық факторларға, зат алмасу қарқындылығы әсер етеді.
Тыныс алу барысында ауа тыныс жолы арқылы өкпеге кіріп, оттегіні берген соң сыртқа шығады. Өкпеге дейін енген және шыққан ауаның мөлшері демалу және дем шығарудың тереңдігіне байланысты болады. Тыныштық жағдайында демді ішке жай тартып сыртқа шығарса өкпеге дейін кіріп-шыққан ауаның мөлшері адамда 500 мл болады.
Өкпе көлемі:
өкпенің тыныс алу көлемі – адам тыныштық жағдайдағы дем алғанда және дем шығарғандағы ауаның мөлшері (300-700 мл);
резервті демалу ауасы – адамның қосымша жұта алатын ауа мөлшері (1500-2000 мл);
резервтік дем шығару ауасы – тыныс алуда шығарған ауа мөлшері (1000-1500 мл);
өкпенің қалдық мөлшері – максималды дем шығарғарудан кейінгі өкпеде қалған ауа мөлшері (1000-1500 мл).
Өкпенің сиымдылығы:
Өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) – терең дем алып, бірден терең дем шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі (3500-4700 мл).
Өкпенің жалпы сиымдылығы – терең максималды тыныс алғанда өкпедегі ауаның мөлшері (3500-4700 мл).
Функциялық қалдық ауа – қалдық ауа мен резервтік демшығару ауасы қалыпты дем алып, дем шығарған кезде әрдайым өкпеде қалып отырады (2900 мл).
ӨТС адам жасына, өнімделігіне, тұқым ерекшеліктеріне және басқа факторларға байланысты өзгереді. Ол арнаулы құрал – спирометр көмегімен анықталады. Спирометрия – бірінші-реттік өкпелік көлемдердің тіркелуі. Құрғақ және сулы спирометр көмегімен тіркеледі. Спирограмма - өкпелік көлемдері мен сыйымдылықтардың графиктік тіркелуі. Пневмограф құралы арқылы тыныс алу қозғалыстарын жазып алуға болады. Тыныс сызығын пневмограмма дейді.
Бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі тыныстың минуттық көлемі деп атайды. Тыныс алудың минуттық көлемі бір минут ішінде өкпеге келіп түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қышқылы мөлшерінің ара қатынасына яғни зат алмасу қарқынына байланысты.Тыныс алудың минуттық көлемі орта есеппен 6-9 л болса, ал адам ауыр жұмыс істегенде 100-120 л жетеді.