Лимфа жүйесі –лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, көкірек және мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа бауырда қарқынды түзіледі. Ағза массасының әрбір килограмына шаққанда бауырда 21-36 мл, жүректе – 5-18 мл, көк бауырда – 3-12, аяқ еттерінде – 2-3 мл лимфа түзіледі. Салмағы 500 кг сиыр қанына тәулігіне 24 л лимфа қосылады.
Лимфа айналымы: Лимфа жүйесінің тамырлары веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеде тармақталып жатады да, ұлпалардан қанға судың онда еріген кристаллоидтардың коллоидты ерітінділердің оралуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе лимфа капиллярлары торынан басталып, ағзалық майда тамырлар шумағын, арнаулы қақпақшалармен жабдықталған ұсақ және ірі лимфа тамырларын, негізгі лимфа бағандарын, лимфа түйіндері мен дененің басты лимфа өзектерін қамтиды. Лимфа өте баяу жылжиды. Баяу жылжуына қарамастан, лимфа тамырлары арқылы тәулігіне өте көп мөлшерде ұлпадан өтеді.
Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүрек тесіктерінің көлемі бойынша т.б. айырмашылықтары болады. Жүрек циклының ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 сек., 12 жаста 0,75 сек., ересек адамда 0,8 сек. тең. 6-7 жасар баланың жүрегі минутына 95-100 рет, 12 жаста 80-90 рет, ересек адамда 68-70 рет жиырылады. Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді. Жүректің бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систолалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бір минуттағы барлық систолалық көлемі жүректің минуттық көлемі дет атайды. Белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі кезекпен қайталанып отыратын жүректің жиырылуы мен босаңсуы жүрек жұмысының ырғағы деп аталады. Жүректің жиырылу кезеңін систола, ал босаңсу кезеңін диастола деп атайды. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруын жүрек циклі немесе жүрек жұмысының циклі деп атайды.
Жасөспірімдер жүрек, қан тамырлары жүйесінің ерекшелігін дене шынықтыру, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұқият есепке алу керек. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуцден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан, тұзды, майлы тағамдардан бас тартқан дұрыс.