Дәріс есептеуіш желілердің ҚҰрылымы мен оларға жалпы шолу негізгі анықтамалар мен терминдер



бет13/20
Дата02.11.2022
өлшемі258,5 Kb.
#156192
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Д ріс есептеуіш желілерді рылымы мен олар а жалпы шолу негізг
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Арналық деңгей (Data Link)
Арналық деңгейдің ақпарат өлшемі кадрлар (frame)болып табылады. Кадрлар – деректерді орналастыруға болатын логикалық ұйымдасқан құрылым. Арналық деңгейдің міндеттері – желілік деңгейден физикалық деңгейлерге кадрларды беру.
Физикалық деңгейде биттер жәй жіберіледі. Бұл кезде әсерлесуші компьютерлердің бірнеше жұптары кезектеп қолданылатын байланыстары бар кейбір желілердегі берілістердің физикалық ортасы бос болмауы мүмкін екендігі ескерілмейді. Сондықтан, арналық деңгейдің міндеттерінің бірі беріліс ортасының қатынауға мүмкіндігін тексеру болып табылады. Арналық деңгейдің тағы бір міндеті қателерді тауып, түзету механизмдерін жүзеге асыру болып табылады.
Арналық деңгей белгілеу үшін биттердің арнайы кезегін әрбір кадрдың басына және соңына орналастырып, әрбір кадрдың берілісінің дұрыстығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ арнайы әдіспен кадрдың барлық байттарын қосып және кадрға соңғы сомасын қосып соңғы бақылау соманы шығарады. Тағы бір кадр келгенде алушы қайтадан бақылау соманы есептеп шығарады да, нәтижесін кадрдағы бақылау сомасымен салыстырады. Егер олар сәйкес болса, кадр дұрыс деп есептеліп, қабылданады. Егер бақылау сомалары сәйкес келмесе, қате есепке алынады.
Арналық деңгейдің міндеті – желілік деңгейден келген дестелерді алып, сәйкес кадрға салып ары қарай беруге дайындау. Бұл деңгей блоктың қайда басталып, қайда аяқталатынын анықтауға және қателіктерді табуға міндетті.
Осы деңгейде желінің түйіндері физикалық деңгейді қолдану тәртібі анықталады. ЛВС-тегі деректердің электрлік ұсынылуы (деректердің биттері, деректерді кодтау әдістері және маркерлер) тек осы деңгейде ғана (тек осы деңгейде ғана!) жүзеге асырылады. Осы жерде қателер табылып (деректерді қайта беруді талап ету арқылы) түзетіледі.
Арналық деңгей деректер кадрларын құрып, беріп және қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл деңгей желілік деңгейдің сұранымдарына қызмет көрсетеді және дестелерді қабылдап, беру үшін физикалық деңгейдің сервисін қолданады. ІЕЕЕ802.Х спецификациялары арналық деңгейді екі деңгейастыға бөледі:

    • LLC (Logical Link Control) – логикалық арнаны байланысты логикалық бақылау басқарады. LLC деңгейасты желілік деңгейдіге қызмет көрсетеді және пайдаланушылық хабарламаларды қибылдап, өткізеді.

    • MAC (Media Assess Control) – ортаға қатынауды бақылау. MAC деңгейасты бөлінген физикалық ортаға қатынауды реттейді (маркерді өткізу немесе коллизиялар мен соқтығысуларды табу) және байланыс арнасына қатынауды басқарады. LLC деңгейасты MAC деңгейастынан жоғары тұрады.

Арналық деңгей ортаға қатынауды және арна бойынша деректердің өту процедурасы арқылы берілуін анықтайды. Берілетін блоктардың мөлшері үлкен болса арналық деңгей оларды кадрларға бөледі және кадрларды қатарластырып өткізеді. Кадрларды алғанда деңгей олардан деректердің берілген блоктарын жасайды. Деректер блоктарының мөлшері берілетін арнаның сапасына, берілу әдісіне тәуелді.
Жергілікті желілерде арналық деңгейдің хаттамаларын компьютерлер, көпірлер, коммутаторлар және маршрутизаторларн қолданады. Компьютерлерде арналық деңгейдің қызметтері желілік адаптерлер мен олардың драйверлерінің біріккен күшімен жүзеге асырылады.
Арналық деңгей келесідей қызметтерді жүзеге асырады:
- арналық байланыстарды ұйымдастырады (орнату, басқару, күшін жою) және олардың порттарын табады;
-кадрларды ұйымдастыру және беру;
-қателерді табу және түзету;
-деректер ағымын басқару;
-логикалық арналарды растау (олардың бойымен кез келген әдіспен кодталған деректерді беру).
Арналық деңгейде қолданылатын жиі қолданылатын хаттамалар:
-HDLC (High Level data Link Control) – кезекпен қосылу үшін жоғары деңгейлі деректерді беру арнасын басқару хаттамасы;
-IEEE802.2 LLC (І және ІІ типтер) 802.х орталары үшін МАС-ты қамтамасыз етеді;
-IEEE802.3 стандарты үшін Еthernet желілік технология – бар және табылатын қақтығыстарды табуды және қарауы бар коллективті қатынау және шиналық топологияны қолданатын желілер үшін;
-IEEE802.5 стандарты бойынша Token ring желілік технологиясы - маркерді беру арқылы сақинаға қатынау әдісі мен сақиналық топологияны қолданады;
-IEEE802.6 стандарты бойынша FDDI (Fiber Distributed Date Interface Station) желілік технологиясы – көтермелоконды тасушыны қолданады;
- Дестелері коммутацияланған ауқымды коммуникациялар үшін Х.25 халықаралық стандарт;
- ISDN және Х.25 технологияларынан ұйымдастырылған Frame relay желісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет