Дәріс есептеуіш желілердің ҚҰрылымы мен оларға жалпы шолу негізгі анықтамалар мен терминдер



бет20/20
Дата02.11.2022
өлшемі258,5 Kb.
#156192
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Д ріс есептеуіш желілерді рылымы мен олар а жалпы шолу негізг
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Транспорттық хаттамалар.
Транспорттық хаттамалар компьютер араларында деректерді сенімді тасымалдау үшін келесі қызметтерді ұсынады. Төменде аса кеңінен таралған транспорттық хаттамалар келтірілген.

  • АТР (Apple Talk Protocol – Apple Talk-тің транзакциялық хаттамасы) және NBP (Name Binding Protocol – атауларды байланыстыру хаттамасы). Apple Talk-тің сеанстік және транспорттық хаттамасы.

  • NetBIOS (ендіру және шығарудың базалық желілік жүйесі). NetBIOS компьютерлер арасындағы жалғасуларды орнатса, NetBEUI осы жалғасулар үшін қажетті деректердің берілісінің қызметін ұсынады.

  • SPX (Sequenced Packet Exchange – дестелермен кезектілік алмасуы) NWLink –те. Деректерді жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолданылатын Novel NetWare хаттамасы.

  • TCP (Transmission Control Protocol – берілістерді басқару хаттамасы). Деректердің сенімді жеткізілуін қамтамасыз ететін TCP/IP стегінің хаттамасы.



Қолданбалы хаттамалар.
Қолданбалы хаттамалар қосымшалардың әсерлесуіне жауап береді. Төменде кеінен таралған қолданбалы хаттамалар келтірілген.

  • AFP (Apple Talk File Protocol – Apple Talk файлдік хаттамасы). Macintosh файлдерді алшақ басқару хаттамасы.

  • FTP (File Transfer Protocol – файлдерді беру хаттамасы). Файлдерді беру бойынша қызметтерді қамтамасыз ету үшін арналған TCP/IР стегінің хаттамасы.

  • NCP (NetWare Core Protocol – NetWare –нің базалық хаттамасы). Novel NetWare клиентінің қаптамасы мен редиректоры.

  • SNMP (Simple Network Management Protocol – желіні басқарудың қарапайым хаттамасы). Желілік құрылғыларды басқару мен бақылау үшін қолданылатын TCP/IP стегінің хаттамасы.

  • HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) – гипермәтінді беру хаттамасы мен басқа да хаттамалар.


ДӘРІС 10. OSI СТЕГІ

3.1-суретіндегі OSI моделі мен OSI стегінің хаттамаларын айыра алу қажет. OSI стегі – келісілген хаттамалар стегін құрайтын хаттамалардың нақты спецификацияларының жиынтығы. Бұл хаттамалардың стегін GOSIP бағдарламасы бойынша АҚШ өкіметі қолдайды. OSI стегінің басқа стандартты стектерден ерекшелігі OSI әсерлесу моделіне толығымен сәйкес келеді және ашық жүйелердегі әсерлесу моделінің барлық жеті деңгейі үшін спецификациялары бар.


OSI моделі OSI стегі



3.1сурет



Физикалық және арналық деңгейлерде OSI стегін Ethernet, Token Ring, FDDI спецификациялары, сонымен қатар LLC, X.25 және ISDN хаттамалары қолдайды.
Желілік деңгейде байланыстары орнатылған және орнатылмаған хаттамалар жүзеге асырылған.
OSI стегінің транспорттық хаттамасы байланысы орнатылған және орнатылмаған желілік сервистер арасында айырмашылықтарды жасырады, сондықтан пайдаланушылар төмендегі желілік деңгейге тәуелсіз қызмет көрсетудің қажетті сапасын алады. Мұны қамтамасыз ету үшін транспорттық деңгей пайдаланушы қажетті қызмет көрсету сапасына сұраным бергенін талап етеді. Транспорттық сервистің 5 класы анықталған, 0 кластан жоғарғы 5 класқа дейін, олар қателерге тұрақты болуын және оларды түзету талаптарымен ерекшеленеді.
Қолданбалы деңгейдің сервистері файлдар берілуін, терминал-эмуляциясын, каталог және пошта қызметін біріктіреді. Олардың ішінде болашағы зор болып каталог қызметі (Х.500 стандарты), электронды пошта (Х.400) виртуал терминалдың хаттамасы (VT), файлдарды басқару мен қатынау, беру хаттамалары (FTAM), қайта жіберу хаттамасы мен жұмыстарды басқару (JTM). Соңғы кезде ISO өзінің күштерін жоғары деңгейлі сервистерге шоғырландырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет