Дәріс есептеуіш желілердің ҚҰрылымы мен оларға жалпы шолу негізгі анықтамалар мен терминдер


ДӘРІС 9. ХАТТАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СТЕКТЕРІ



бет19/20
Дата02.11.2022
өлшемі258,5 Kb.
#156192
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Д ріс есептеуіш желілерді рылымы мен олар а жалпы шолу негізг

ДӘРІС 9. ХАТТАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СТЕКТЕРІ

Желі аралық әсерлесуді ұйымдастыруға жеткілікті түрлі деңгейлердің хаттамаларының жиынтығы хаттамалар стегі деп аталады. Әрбір деңгей үшін интерфейс деп аталатын жоғарыдағы деңгеймен әсерлесу үшін сұранымдар – қызметтердің жиынтығы анықталады. Екі машинаның әсерлесу ережелері хаттамалар деп аталатын әрбір деңгей үшін процедуралар жиынтығы түрінде сипатталады.


Желілерде кеңінен қолданылатын көптеген хаттамалар стектері белгілі. Бұған халықаралық және ұлттық стандарттар, бір фирманың құрылғыларының таралуына сай кеңінен белгілі фирмалық стектер де жатады. Әйгілі стектердің мысалдары: Novell IPX/SPX стегі, Internet желілерінде және UNIX операциялық жүйе негізіндегі көптеген желілерде қолданылатын TCP/IР стегі, стандарттау бойынша халықаралық ұйымының OSI стегі, Digital Equipment корпорациясының DECnet стегі және тағы басқаларын айтуға болады.
Хаттамалар стектері үш деңгейге бөлінеді:
-желілік;
-транспорттық;
-қолданбалы.


Желілік хаттамалар.
Желілік хаттамалар келесі қызметтерді ұсынады: ақпаратты мекен-жейлау мен бағыттау,қателердің болмауын тексеру, қайта берілісті сұрату мен нақты желілік ортада әрекеттесу ережелерін орнату. Төменде аса кеңінен қолданылатын желілік хаттамалар келтірілген.

  • DDP (Datagram Delivery Protocol – дейтаграммаларды жеткізу хаттамасы) Apple Talk-те қолданылатын Apple деректерін беру хаттамасы.

  • IP (Internet Protocol – Internet хаттамасы)Мекен-жайлық ақпаратты және бағыттау туралы ақпаратты қамтамасыз ететін TCP/IP стегінің хаттамасы.

  • IPX (Internetwork Packet Exchange – дестелермен желіаралық алмасу) NWLink-те. Дестелерді бағыттау мен маршруттау үшін қолданылатын Novel NetWare хаттамасы.

  • NetBEUI (NetBIOS Extended User Interface – ендіру мен шығарудың желілік базалық жүйесіндегі кеңейтілген қолданушылық интерфейсі). IBM және Microsoft екеуара шығарылған осы хаттама NetBIOS үшін көліктік қызметтерді қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет