Содан кейін тәжірибелік-технологиялық немесе тәжірибелік – конструкторлық әзірлемелер жүреді, оларға:
Тақырыптарды, мақсаттарды және әзірлеу міндеттерін тұжырымдау;
Әдебиетті зерделеу, зерттеулер жүргізу (қажет болған жағдайда) және эксперименттік үлгіні техникалық жобалауға дайындау;
Техникалық жобалау:
техникалық жобаның нұсқаларын әзірлеу,
есеп айырысулар жасау,
сызбаларды әзірлеу,
жеке тораптарды, блоктарды дайындау және олардың жұмысын талдау,
техникалық жобаны әзірлеу және келісу,
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
Жұмысты толық жобалау – жұмыс жобасының барлық бөлшектерін әзірлеу.
Тәжірибелік үлгіні дайындау:
техникалық құжаттаманы талдау және бақылау,
технологиялық процестерді жобалау,
карталарды әзірлеу,
жұмысты ұйымдастыру жобасын жасау,
тәжірибелік үлгінің бөлшектерін, блоктары мен тораптарын дайындау, оларды құрастыру,
үлгіні сынақтан өткізу, жетілдіру және реттеу,
стенділік және өндірістік сынақтар;
Тәжірибелік үлгіні пысықтау:
өндірістік сынақтардан кейін үлгі тораптарының жұмысын талдау,
жеке тораптарды ауыстыру;
Мемлекеттік сынақтар – арнайы үлгіні мемлекеттік комиссияныңсынақ өткізуіне беру.