Дәріс 16. Адам – Абсолюттік рұхтың өзін тану құралы ретінде Мақсаты: Гегельдің адам концепциясының мәнін түсіндіру және адамды Рухтың өзіндік даму сатысы ретінде қарастыруның мәнін ашып көрсету.
1. Гегельдің шындықты бейнелеу диалектикалық концепциясы
2.Рух барлық тіршіліктің субстанционалдығы туралы
Гегель ғылыми категориялардың объективтілігі туралы. Абсолютті идея – біртұтас әлемдік ақыл-ой.
Рух адамды еркін ету үшін жаралған. Адамды азат ету − рухқа, яғни еркіндікке қайтып келу. Бұл Гегель философиясында да бар. Бірақ ол рухты тым объктивтендіріп жіберді. Рух еркін жіберілген, ол алдын-ала белгіленген жоспар бойынша әрекет етпейді. Рухтың таңдауы − тұлғалық шығармашылық. «Адам өзі өмір сүруі керек. Адам іші пысатын, пейіштен қуылғанын сезіне алатын бірден-бір тіршілік иесі. Ол болмысын проблема ретінде сезіне алатын, түсінетін, соны өзі ғана шеше алатынын және одан құтыла алмайтынын білетін жалғыз тірі жәндік. Адамдыққа дейінгі табиғат пен үйлесімді қалыпқа ол енді қайтып орала алмайды.