Генетиканың дамуының келесi кезеңiнде (шамамен 1912 жылдан 1925 жылға дейiн) тұқым
қуалау факторлары хромосомалармен байланысты екенi дәлелдендi. Тұқым қуалаудың
хромосомалық теориясын жасауда АҚШ ғалымы Т.Г.Морганның және оның шәкiрттерiнiң
(A.Стертевант, Г.Меллер, К.Бриджес) жұмыстары маңызды роль атқарды. Бұл авторлар, кейiнiрек
генетикалық зерттеулердiң негiзгi объектiсi болған жемiс шыбыны дрозофиламен жасаған
тәжiрибелерiнде, гендердiң хромосомаларда бiрiнен соң бiрi тiзбектеле орналасатындығын, әр
геннiң онда белгiлi орны болатындығын және гендердiң бiр-бiрiнен белгiлi бiр ара
қашықтықта
орналастындығын анықтады. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы биологияның ең iрi
жетiстiгi болды, бұл теория тек генетикалық мәлiметтерге ғана емес, сол сияқты митоз және
мейоздағы хромосомалардың қозғалу сипатына, тұқым қуалаудағы
ядроның ролi туралы
мәлiметтерге де сүйендi. Генетиканың дамуында Н.К.Кольцовтың, Ю.А.Филипченконың,
Н.И.Вавиловтың, Г.Д.Карпеченконың, А.С.Серебровскийдiң т.б. ғалымдардың еңбектерi маңызды
роль атқарды.
Генетиканың дамуының үшiншi кезеңiнiң (шамамен 1925-1940 жылдары) ең басты
ерекшелiгi - мутацияларды қолдан алу мүмкiндiгiнiң ашылуы. 1925 жылы орыс ғалымдары
Г.А.Надсон мен Г.С.Филиппов саңырауқұлақтармен, ал 1927 жылы АҚШ ғалымы Г.Меллер
дрозофиламен жасаған тәжiрибелерiнде рентген сәулелерiнiң тұқым қуалайтын өзгергiштiктердiң
пайда болуына себепкер екендiгi туралы мәлiметтер алды. Кейiнiрек 30-40 жылдары химиялық
қосылыстардың да мутациялар тудыратыны анықталды (В.В.Сахаров, М.Е.Лобашев,
И.А.Рапопорт). Бұл кезеңде эволюцияның генетикалық негiздерiн зерттеу бағытындағы жұмыстар
да дамыды (С.С.Четвериков, Р.Фишер, Дж.Холдейн, С.Райт).
Төртiншi кезең шамамен 40-шы жылдардан 1955 жылға дейiнгi уақытты қамтиды. Бұл
кезең биохимиялық және физиологиялық белгiлер генетикасы
бойынша ғылыми жұмыстардың
дамуымен сипатталады. Әртүрлi организмдердiң, соның iшiнде дрозофила мен нейроспораның
тұқымқуалайтын белгi-қасиеттерiнiң қалыптасуы негiзiнде биохимиялық процестердiң
жататындығын зерттеу геннiң әрекетiн түсiндiруге мүмкiндiк туғызды. Дж. Бидл және Э. Тэтум
қандай болмасын ген организмде бiр ғана ферменттiң түзiлуiн
анықтайды деген қорытындыға
келдi. Содан келiп, "
Достарыңызбен бөлісу: