Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Селекция үшін қажетті өзгергіштік түрлері



Pdf көрінісі
бет71/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Селекция үшін қажетті өзгергіштік түрлері 
Жекелеген қасиеттер мен белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын ескере отырып, 
селекционер өзінің қалауы бойынша будандастыру арқылы оларды келесі ұрпақтарда бір – 
біріне сәйкестендіріп дамыта алады. Мысалы, бидай дәнінің сапасын оның сабанына, 
жүгері сабағының ұзындығын собығының мөлшеріне т.б. белгілеріне сәйкестендіруге 
болады. Мұндай белгілердің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сай жүреді. Осы 
заңдылықтарды терең білгенде ғана селекционер әртүрлі будандастыру әдістерін қолдана 


отырып, организмнің бойындағы қажетті қасиеттерді дамытып, қажетсіздерін алып тастай 
алады. 
Құндыз, түлкі сияқты бағалы аң терілері түстерінің тұқым қуалайтындығы жақсы 
зерттелген. Кейбір гендерді комбинациялау арқылы бірнеше түрлі – түсті терілер алуға 
болады. 
Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын селекцияда қолданудың тағы бір мысалы 
ретінде, тауықтардың автосексті тұқымдарын айту керек. Олардың балапандарының 
жынысын жұмыртқадан шығысымен ажыратуға болады, ол әтештерді бірден іріктеп алып 
бордақылап өсіруге ыңғайлы. Бұл мынандай генетикалық заңдылыққа байланысты нәрсе. 
Тауықтарда жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын қауырсынның жолақ болуын 
анықтайтын доминантты ген (В) болады. Тек қана жалғыз –Х хромосомасы ұрғашы 
балапандарда В генінің дозасы аз, ал еркек балапандарда екі ХХ –хромосома 
болатындықтан екі ВВ гені, яғни екі есе артық дозасы бар. Сондықтан олардың 
қауырсынының жолағы анық білінеді. 
Селекцияда өсімдіктердің әртүрлі сорттарына немесе жануарлардың тұқымдарына 
тән генетикалық ерекшеліктерді бір – біріне ұластыру үшін комбинативтік өзгергіштік 
қолданылады. 
Мысалы: СелекционерП.ПЛукьяненко өзінің атақты безостая -1 сортты бидайын 
шығарарда бастапқы материал ретінде аргентиналық жаздық бидай Клейн -33 –ті және 
күздік бидай Лютесценсті алған. Сонда безостая 1 Клейн 33 –тен сабағының қысқалығын, 
тез пісіп жетілетіндігін, және дақ ауруына төзімділігін, ал лютесценстен күздік белгісін 
тұқым қуалап алған. 
Өсімдіктер мен жануарлар және микроорганизмдердің селекциясында мутациялық 
өзгергіштік те кеңінен қолданылады. Мутация тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бастапқы 
қайнар көзі болып есептеледі. 
Кез – келген өсімдікте, жануарда немесе микроорганизмде өздігінен әртүрлі мутация 
пайда болып жатады. Табиғи жағдайда мутацияға табиғи сұрыптау әсер етеді. Ал қолдан 
сұрыптауда мутацияны селекционер өзі жасайды. 
Тұқымдар мен сорттар өздерінің тұқым қуалайтын ерекшеліктері жағынан жабайы 
ата тектерінен өзгеше болады. Жабайы формаларға қаншама қолайлы жағдай туғызып 
қолда өсірсе де, өздерінің қолға үйретілген туыстарындай өнім бере алмайды. 
Мысалы: жабайы банкив тауықтарын қанша азықтандырып күткенімен жылына 300-350 
жұмыртқа бермейді.Өсімдіктер мен жануарлардың мәдени формаларын адам тек секірмелі 
түрде өздігінен болатын мутацияны қолдан сұрыптаудың негізінде, оларды бірнеше буын 
бойы қалыптастыру арқылы алған. 
Сонымен бірге қазіргі кезде селекцияда экспериментальды немесе индукциялық 
мутагенезді қолдану кең етек алып отыр. Бұл мақсатта радиация, химиялық қосылыстар 
сияқты түрлі мутагендік факторлар қолданылады. Радиоактивті сәулелерді селекцияда 
қолданудың пионерлері Ресей ғалымдары Надсон, Филиппов, Делоне және Сапегиндер 
болып есептеледі.
Индукциялық мутацияны селекцияда қолданудың антибиотиктердің продуценттері 
–зең саңырауқұлақтарының жаңа формаларын алуда зор маңызы болды. 
Өсімдіктер селекциясы үшін үлкен маңызы бар тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір 
түрі – полиплоидия. 
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулердің негізінде көптеген полиплоидты 
формалар алынды. Хромосом сандарын екі есе көбейту, яғни диплоидты жағдайдан 
тетраплоидты жағдайға келтіру өсімдіктің көлемінің ұлғаюына, кейбір органдарының 
салмағының артуына ықпал етеді. Мысалы: тетраплоидты қара бидайдың (Федоров 
шығарған) 1000 дәнінің салмағы 55-56 гр, ал сол сортқа жататын диплоидты формасының 
салмағы 29 г. 
Селекцияда будандастырудың әртүрлі жүйесі қолданылады. Ол туыстық 
будандастыру (инбридинг, инцухт), туыстық емес будандастыру


(аутбридинг) және алыс гибридизация. Туыстық будандастыру генотиптері жағынан бір – 
біріне жақын организмдердің арасында болатындықтан олардан көбінесе гомозиготалы 
ұрпақ алынады. 
Ал мұндай будандастыруды ұзақ уақыт пайдаланып жануарлар мен өсімдіктердің 
бойында пайдалы қасиеттері бар гомозиготалы таза линияларын алуға болады. Туыстық 
будандстыру жануарлар мен өсімдіктердің селекциясы үшін қажетті таза линияларды алу 
мақсатында кеңінен қолданылады. 
Популяция құрамындағы рецессивті гендердің көпшілігі организм үшін тиімді бола 
бермейді, сол себепті егер туыстық будандастыру жиі қайталанса сорт немесе тұқым 
азғындайды. Сондықтан туыстық емес будандастыру әдісі қолданылады. Мұндай 
жағдайда әртүрлі линияларға жататын дарақтар будандастырылады, соның нәижесінде 
олардың ұрпағының тұқым қуалайтын қасиеттері жақсарады.
Алыс гибридизацияда бір - бірімен алшақ жатқан түр тармақтары 
будандастырылады. Мысалы, қазақ ғалымдары Ә.Есенжолов, А.Жандеркин, Б.Бутарин 
жабайы архармен биязы жүнді қойды будандастыру арқылы қойдың «Архар меринос» деп 
аталатын жаңа тұқымын шығарды. Сонда оған архардың таулы аймаққа бейімділігі, 
қойдың жүнінің биязылығы т.б. пайдалы қасиеттері берілген. Сол сияқты Н.В.Цицин 
бидай мен жабайы бидайық өсімдігін будандастыру арқылы бидай - бидайық гибридін 
алды. Бұл әдісті И.В.Мичурин жеміс - жидек өсімдіктерінің жаңа сорттарын шығару үшін
кеңінен қолданды.
Сонымен алыс гибридизация жолымен будандастырғанда өсімдіктер мен 
жануарлардың сапасы жақсарып, беретін өнімі артады. Мұндай құбылысты ең алған 1914 
жылы америка оқымыстысы Дж.Шелл жүгері өсімдігінен байқады. Оны гетерозис 
құбылысы деп атайды.
Содан бері бұл заңдылық жүгері өсіретін шаруашылықтарда кеңінен қолданылып келеді. 
Жүгерінің әртүрлі сорттарын будандастыру арқылы алынатын гибридтерде гетерозис 
қасиеті бар, яғни олардың собығы үлкен, дәндері ірі, сабағы ұзын, жапырақтары ірі әрі 
салалы боып келеді, сондықтан олар мол өнім береді. Бірақ, гетерозис құбылысының 
генетикалық механизмі әлі толық зерттелмеген.
Талқылауға арналған сұрақтар: 
1.
Селекция немен шұғылданады? 
2.
Селекцияның генетика ғылымымен қандай байланысы бар? 
3.
Н.И.Вавилов бойынша селекция қандай бөліктерден тұрады? 
4.
Селекция үшін қажетті материалдар қалай таңдалып алынады? 
5.
Н.И.Вавилов анықтаған мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын атаңыз. 
6.
Селекция үшін өзгергіштіктің қандай түрлері қолданылады? 
7.
Селекцияда қолданылатын будандастырудың қандай әдістерін білесіз? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет