Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет64/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Полиплоидия 
Полиплоидты организмдер хромосом санының еселену дәрежесіне қарай 3п - 
триплоидты, 4п - тетраплоидты, 5п - пентаплоидты болып бөлінеді. 
Полиплоидия организмнің түрлі белгілерінің өзгеруіне себеп болады. Сондықтан ол 
эволюция мен селекция үшін тұқым қуалайтын өзгергіштіктің маңызды бір қайнар көзі 
болып есептеледі. Мысалы, селекционер В.С.Федоров шығарған қара бидайдың 
тетраплоидты формасын алсақ, диплоидты формасына қарағанда сабағы мықты, дәні ірі 
және салмақты болып өзгерген бұл әрине шаруашылық маңызы жағынан тиімді өзгеріс.
Полиплоидияның өзінің екі түрі бар олар автополиплоидия және аллополиплоидия, деп 
аталады. Егер геномды А деп белгілесек, автодиплоид АА, ал автотриплоид ААА болады.
Анеуплоидия 
Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосом санының гаплоидты жиынтыққа 
еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. 
Бұл құбылысты ең алғаш К.Бриджес дрозофила шыбындарындағы жыныспен тіркесіп 
тұқым қуалау заңдылығын зерттеу барысында байқады. 
Ол аналық шыбындардың сомалық клеткасынан ХХУ хромосомаларды (сонда У артық) ал 
аталықтарынан ХО яғни У-гі жоқ хромосомаларды тапты. Осыған байланысты дрозофила 
шыбындарының кейбір белгілерінің (қанаты, көзі т.б.) кемістікке ұшырайтындығы 
анықталды. Сонда бір хромосомасы артық жыныс клеткасы қалыпты гаплоидты 
гаметамен ұрықтанғанда , хромосом жиынтығы 2n+1 немесе трисомик зигота түзіледі. Ал 
егер гаметада бір хромосома кем болып келсе, ұрықтану нәтижесінде моносомик яғни 2n-
1 зигота пайда болады. Адам баласында және жануарларда артық хромосоманың болуы 
олардың өсіп дамуының өзгеруіне немесе тіпті өлімге әкеп соғады. 
Мысалы, адамда жыныстық хромосомалардың немесе аутосомалардың артық болуы 
күрделі аномалиялар туғызады. 
 
Дәріс 13. Адам генетикасы және популяциялық генетика
Кілтті сөздер: 
Генетика, тұқым қуалаушылық, өзгергiштiк, генетикалық талдау, гибридологиялық 
талдау, 
Популяция, Панмиксия, Гендік қор, Гендік миграция, Гендердің дрейфі, Локальды 
популяция, 
Мутациялық қысым, Сұрыптау коэфициенті, Популяция толқыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет