Генетиканың қазiргi даму кезеңi (1955 жылдан осы уақытқа дейiн) тұқым қуалау
құбылыстарын молекулалық деңгейде зерттеумен сипатталады. Генетиканың дамуының осы
кезеңiнде ашылған жаңалықтарды жай ғана санап айтудың өзi көп орын алар едi,
дегенмен осы
жетiстiктердiң кейбiреулерiн атап өтейiк, олар:
генетикалық кодтың анықталуы;
геннiң химиялық синтезi;
керi транскрипция құбылысының табылуы;
гендердiң экзон - интрон құрылымының ашылуы;
рекомбинанттық ДНҚ технологиясы;
генетикалық және клеткалық инженерия бойынша жұмыстардың дамуы.
Генетиканың әртүрлi бағыттарының дамуына Қазақстан ғалымдары да үлкен үлестерiн қосты.
Қазақстанда генетика саласындағы алғашқы зерттеулер 30-40 жылдары басталды. Республикада
бидай, арпа, сұлы, жүгерi, қант қызылшасы және басқа ауылшаруашылық дақылдарының
(К.Мынбаев, Г.З.Бияшев, А.М.Ғаббасов, Н.Л.Удольская, I.Ә.Әбуғалиев, Р.А.Уразалиев т.б.),
раушан, сирень, астра гүлдерiнiң
және ағаш, бұта, шөптесiн өсiмдiктердiң (Е.Х.Узенбаев,
М.В.Бессчетнова, А.Ж.Жангалиев т.б.) мол өнiмдi сорттары шығарылды. Алшақ будандастыру
әдiсiмен мол өнiмдi мал тұқымдары шығарылды. Мысалы, жабайы арқарды пайдаланып қойдың
арқар меринос тұқымы алынды (Н.С.Бутарин, Ә.Ы.Жандеркин, Ә.Е.Есенжолов) биязы және
биязылау жүндi, кроссбред қой тұқымдарын алудың генетикалық-селекциялық негiздерi салынды.
(В.А.Бальмонт, М.Ә.Ермеков, А.Е.Елеманов, Ф.М.Мұхаметқалиев, Қ.Медеубеков, М.К.Кройтер
т.б.).
Қазақстанда молекулалық биология және гендiк инженерия саласындағы зерттеулер 60-шы
жылдар аяғында басталды. Бұл зерттеулер ҚР ҰҒА-ның құрамында молекулалық биология және
биохимия институты ашылғаннан кейiн (1983) үдей түстi.
Өсiмдiк клеткасындағы
информосомалар зерттелiп, олардың бидай эмбриогенезi кезiнде белок құрастыруға, бұл процестi
реттеуге қатысатыны анықталды. Өсiмдiк геномының молекулалық құрылымы мен оның
экспрессиясы, клеткалық инженерия мен биотехнология мәселелерi зерттелдi. Академик
М.Ә.Айтхожиннiң басқаруымен жүргiзiлген бұл жұмыстар бүкiл дүние жүзiне танымал болды.
Осы еңбектерi үшiн М.Ә.Айтхожин бұрынғы Кеңес Одағындағы ғылым мен техника саласындағы
ең жоғарғы Ленин сыйлығының лауреаты (1986) болды.
Микроорганизмдер селекциясының генетикалық негiздерi кеңiнен зерттелдi және мутагендiк
факторлардың
тигiзетiн әсерлерi зерттелiп, микроорганизмдердiң практикаға қажеттi мутагендi
формалары алынды (М.Х.Шығаева). Вирустар генетикасы және экологиялық генетика саласында
да маңызды зерттеулер жүргiзiлдi (Н.Б.Ахматуллина). Соңғы уақытта Республикада молекулалық
генетика (Р.I.Берсiмбаев), радиациялық генетика (К.Қ.Мұхамбетжанов, А.Т.Сейсебаев) салалары
бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзiлуде. 1995 жылы ҚР ҰҒА құрамында Жалпы генетика және
цитология институты ашылып, генетиканың жаңа салаларында да ғылыми зерттеулер жүргiзу
жолға қойылуда.
Достарыңызбен бөлісу: