Аналық жыныс гетерогаметалы болғанда жыныспен тiркескен белгiлердiң тұқым
қуалауы
Аталықтары емес, аналықтары гетерогаметалы болатын бiрқатар жануарлар белгiлi
(құстар, көбелектер т.б.). Бұл жағдайда жыныспен тiркесе тұқым қуалаудың бiраз ерекшелiгi
болады. Тауықтың
плимутрок
және кейбiр тұқымдарының қауырсындары көлденең-жолақты
болғандықтан оларға тән шұбар түс бередi, ол түс тұтас қара немесе жирен қауырсындарға
доминанттылық көрсетедi. Көлденең жолақ түстi анықтайтын
В
генi және тұтас қара түстi
анықтайтын оның рецессивтi
в
аллелi Z-хромосомада орналасқан. Қара тауық гомозиготалы шұбар
әтешпен будандасқанда
F
1
-де шұбар ұрпақ бередi, ал
F
2
-де барлық қораздар және тауықтардың
жартысы шұбар, ал жартысы қара болып шығады. Орайлас шағылыстырғанда, яғни шұбар
тауықты қара әтешпен шағылыстырса,
F
1
-дiң өзiнде-ақ ажырау байқалады. Тауықтардың бәрi қара,
ал әтештердiң бәрi шұбар болады.
F
2
-де тауықтардың да, әтештердiң де жартысы шұбар, ал
жартысы қара түстi болады. Z-хромосомада орналасқан гендер анықтайтын тауықтардың кейбiр
басқа белгiлерi де осылайша тұқым қуалайды.
w
w
w
+
w
+
w
w
+
w
w
w
+
F
1
P
F
2
♀
♂
♀
♀
♀
♂
♂
♂
w
w
w
Жыныс хромосомалары ажырамағандағы тұқым қуалау
Будандастырылуларда белгiлердiң берiлу заңдылықтарының мейоз бен ұрықтану кезiндегi
хромосомалардың сипатына сәйкес келуi - гендер хромосомаларда орналасқан деген қорытындыға
әкелдi. Жыныспен тiркескен тұқым қуалауды да осы негiзде жақсы түсiнуге болатындығы, бұл
қорытындының нанымдылығын арттыра түстi.
Дрозофила шыбынының Х-хромосомасының бiрiншi реттiк ажырамауы
Мұның дұрыстығы, дрозофиладағы жыныс хромосомалардың ажырамау құбылысын
зерттегенде, тағы да дәлелдендi.
Жоғарыда айтылғандай, дрозофиланың ақ көздi аналықтарын қызыл көздi аталығымен
шағылыстырса,
F
1
-дегi аналық ұрпақтардың барлығы қызыл көздi, ал анасынан алған жалғыз Х-
хромосомасы бар аталықтардың барлығы ақ көздi болады. Бiрақ осындай шағылысулардан
алынған екi-үш мың ұрпақтар iшiнде бiрен-саран «ерекше» дарабастар ақ көздi аналық немесе
қызыл көздi аталық кездеседi. Бұл «ерекше» дарабастардың пайда болуын былайша түсiндiруге
болады. Мейоз кезiнде «ерекше» дарабастардың анасының екi Х-хромосомасы әр полюске
ажыраудың орнына, кездейсоқ не бiр жұмыртқаға түседi немесе екеуi де
полярлы денешiкке
кетедi,
яғни Х-хромосомалардың гаметаларға ажырамау процесi өтедi. Нәтижесiнде ақ көздi аналықта
әдеттегiден өзгеше жұмыртқаның екi түрi: ХХ-хромосомасы бар және ешбiр Х-хромосомасы жоқ
жұмыртқалар пайда болады. Осындай жұмыртқалардың әрқайсысы не Х-хромосомалы
спермиймен немесе У-хромосомалы спермиймен ұрықтана алады, бұдан зиготалардың төрт типi
пайда болуы мүмкiн: 1) ХХХ-хромосомалы; 2) ХХУ-хромосомалы; 3) Х-хромосомалы; 4) жалғыз
У-хромосомалы.
«Ерекше» дарабастарды цитологиялық әдiстермен зерттегенде,
F
1
-дiң «ерекше» ақ көздi
аналықтарында екi Х-хромосомаларына қосымша У-хромосомасы бар болып шықты, ал «ерекше»
қызыл көздi аталықтарында бiр Х-хромосома бар, бiрақ аталықтарына тән У-хромосома жоқ
♀
♂
w
w
w
+
w
+
w
♀
w
w
♀
w
w
w
+
Өлiмге
ұшырайды
w
♂
♂
w
+
Өлiмге
ұшырайды
w
w
w
Қалыпты жұмыртқаклеткалар
"Ерекше" жұмыртқаклеткалар
w
+
сперматозоидтар
болып шықты. Жыныс хромосомаларының бiрiншi реттiк ажырамауы нәтижесiнде пайда болған
«ерекше» аталықтардың барлық сыртқы белгiлерi аталыққа тән, бiрақ олар ұрпақ бермейтiн
бедеулер
болады. Ал бұл дрозофиланың У-хромосомасында жынысты анықтайтын гендердiң жоқ
екендiгiн, тек қана аталықтардың өсiмталдығын қамтамасыз ететiн гендердiң болатындығын
көрсетедi.
«Ерекше» аналықтар ХХY, керiсiнше, өсiмтал, бiрақ жыныс хромосомаларының мейоздық
ажырауы кәдiмгi аналықтардан ХХ өзгеше етедi. Мұндай «ерекше» аналықтардың Х-
хромосомалары бiр-бiрiмен жиiрек
коньюгацияланады
және әр полюстарға кетедi. Ал У-
хромосома коньюгацияға қатыспайды және жас ядролар арасында кездейсоқ таралады,
нәтижесiнде жұмыртқалардың бiрдей мөлшерде екi сорты пайда болады: жартысының Х-
хромосомасы, ал жартысының Х-хромосомасы және У-хромосомасы болады. Мұнымен қоса
шамамен 8
жағдайда Х-хромосомалардың бiреуiмен У-хромосома арасында коньюгация жүредi
және онда Х-хромосомалар екiншi рет кездейсоқ таралады, нәтижесiнде жұмыртқалардың тағы да
екi сорты пайда болады: ХХ-хромосомасы бар жұмыртқалар және Х-хромосомасы жоқ, бiрақ У-
хромосомасы бар жұмыртқалар.Бұл құбылыс жыныс хромосомаларының
екiншi
реттiк
ажырамауы
деп аталады.
Дрозофила шыбынындағы Х-хромосомалардың екiншi реттiк ажырамауы
Бiрсыпыра организмдерде, оның iшiнде адамда да жыныс хромосомаларының ажырамау
фактiлерi белгiлi. Мысалы, Х-хромосомалары ажырамаған әйелдерде гаметалардың екi сорты (ХХ
және О) түзiледi және олар аталықтардың екi сортты гаметаларымен (Х және У) ұрықтанғанда
ұрпақтардың төрт типi пайда болады.
ХХХ - мұндай зиготадан аналық дамиды, Х-хромосомасы бойынша олар трисомиктер,
бiрақ, әдеттегiден өзгеше, олардың арасында ақыл кемiстiгi, ұрпақсыздық жиi кездеседi.
♂
w
+
сперматозоидтар
♀
w
w
Қалыпты ажырау
w
w
w
+
Өлiмге
ұшырайды
♂
Өлiмге
ұшырайды
w
w
Ажырамай қалу
w
+
w
w
+
♂
w
w
w
♀
w
+
w
♀
w
♂
w
+
w
w
♀
Жұмыртқаклеткалар
ХО - мұндай зиготалар көпшiлiк жағдайда эмбрион кезiнде өледi, қалған зиготалардан
аналық дамиды, бiрақ оларға Шерешевский-Тернер синдромына ұқсас белгiлер тән: аласа бойлы,
жыныс органдары нашар жетiлген, ұрпақ беруге қабiлетсiз және басқа да инфантильдiк белгiлерi
болады.
ХХУ - мұндай зиготадан аталық дамиды, онда Клайнфельтер синдромына тән белгiлерi
болады: ақылы кемдеу, әлсiз, аталық бездерi нашар дамыған және ұрпақ беруге қабiлетсiз (бедеу).
Жыныс хромосомаларының ажырамауынан пайда болған бұл жағдай, дрозофиладан
өзгеше, У-хромосомада аталық жынысты анықтайтын гендер бар екендiгiн дәлелдейдi, өйткенi
адамда, екi ХХ және бiр У хромосома болуына қарамастан ХХУ зиготадан Клайнфельтер
синдромына тән белгiлер болғанмен, аталық жыныс дамиды. У-хромосома жоқ болса аналық
жыныс пайда болады.
УО - мұндай зигота эмбрион сатысында өлiмге ұшырайды.
Жыныс хромосомаларының ажырамауы дрозофилаға қарағанда адамда жиiрек кездеседi.
Орта есеппен әрбiр жаңа туған 600 ер балаға хромосома формуласы ХХУ бiр ер бала келедi. Х-
хромосомалардың ажырамауы әйелдердiң жасына қарай өсе түседi. Сондықтан 35-37 жастан асқан
аналардан туылған балалардың iшiнде Клайнфельтер синдромымен ауыратын ер балалар мен
Шерешевский-Тернер синдромымен ауыратын қыз балалар саны, жас аналардан туылған
балалармен салыстырғанда жиiрек кездеседi.
Достарыңызбен бөлісу: |