Аналығының төрт жұп хромосомаларының бәрi бiрдей болғандықтан оның
жұмыртқасында бiртиптес төрт хромосома (3А+Х) болады. Аталықтарының жыныс клеткалары
гетероморфты
болғандықтан оның
спермияларының
жартысында Х-хромосома (3А+Х), ал
жартысында У-хромосома (3А+У) болады. Жыныс хромосомалары жөнiнен бiрдей гаметалар
беретiн жынысты
гомогаметалы
, ал жыныс хромосомалары екi типтес гаметалар беретiн
жынысты
гетерогаметалы
жыныс деп атайды. ХХ-гомогаметалы аналық жыныс, ал ХУ-
гетерогаметалы аталық жыныс.
Егер жұмыртқа Х-хромосомасы бар спермамен ұрықтанса, онда хромосомалық формуласы
6А+ХХ болатын зигота, ал У-хромосомасы бар спермамен ұрықтанса, онда хромосомалық
формуласы 6А+ХУ болатын зигота пайда болады. Бiрiншi зиготадан аналық, ал екiншi зиготадан
аталық шыбындар шығады, және аталықтары мен аналықтарының сандық қатынасы бiрдей, яғни
1:1 болады.
Дрозофиланың жынысын анықтау
Адамның жынысы да жыныс хромосомаларымен анықталады. Әйелдiң дене
клеткаларында 22 жұп аутосомдар және екi Х-хромосомалар, ал еркектiң дене клеткаларында 22
жұп аутосом, бiр Х-хромосома және бiр У-хромосома болады. Жұмыртқаның хромосомалық
формуласы 22А+Х, ал сперма екi сортты болады: 22А+Х және 22А+У. Егер ұрықтануға Х-
хромосомасы бар спермийлер қатысса қыз бала дамитын зигота, егер жұмыртқаклетка У-
хромосомасы бар спермиймен ұрықтанса ұл бала дамитын зигота пайда болады.
Екiншi тип
-
Protenor
(
су қандаласының басқа туысы
). Басқа да насекомдардың, оның
iшiнде, мысалы,
қабыршық қанаттылардың
, теңiз құрты
анциракантустың
т.б. жынысы осы
типтiң жыныс хромосомаларымен анықталады.
Protenor
аналықтарының дене клеткаларында 14
хромосома, ал аталықтарының дене клеткаларында 13 хромосома болады. Аталықтарындағы Х-
хромосоманың жұбы болмайды. Аналықтары гомогаметалы жыныс және гаметалардың бiр ғана
типiн (6А+Х) түзедi. Ал, аталықтары гетерогаметалы жыныс болғандықтан гаметалардың екi типiн
♀
♂
Х
Х
Достарыңызбен бөлісу: