Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Алмасудың мөлшерi және гендердiң хромосомада тiзбектеле орналасуы



Pdf көрінісі
бет47/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

 
Алмасудың мөлшерi және гендердiң хромосомада тiзбектеле орналасуы 
Рекомбинацияға ұшыраған дарабастарды және олардың жалпы санын ескере отырып, 
кроссинговер (айқасу) жиiлiгiн мына формуламен есептеп шығаруға болады: 
кроссинговер жиiлiгi (%) = 
У
Х


100 
Мұндағы 
Х
-рекомбинацияға ұшыраған дарабастар саны; 
У
-дарабастардың жалпы саны. 
Мысалы, 
F
1
ұрпағында алынған шыбындарды гомозиготалы қос рецессивтiлермен қайыра 
будандастырғанда мынандай нәтижелер алынған:
Ата-аналық фенотиптi:
сұр денелi, қанаты қалыпты (
b
+
vg
+
)
-
965 
қара денелi, қанаты жетiлмеген (
bvg
)
-
944 
Рекомбинатты фенотиптi:
қара денелi, қанаты қалыпты (
bvg
+
)

206 
сұр денелi, қанаты жетiлмеген (
b
+
vg
)
-
185 
 
Рекомбинация жиiлiгi: 
185)
(206
944)
(965
185
206




 

100 = 
2300
391

100 = 17%. 
 


Бұл мән гаметалар түзiлуi кезiнде пайда болатын рекомбинациялар санына сәйкес келедi. 
Айқасудың мөлшерi хромосомадағы гендердiң тiркесу күшiн көрсетедi: неғұрлым айқасу мөлшерi 
жоғары болса, тiркесу күшi соғұрлым аз болады. Т.Морган кроссинговердiң жиiлiгi 
хромосомадағы гендердiң орналасу сипатын көрсетедi деп тұжырымдады, яғни тiркес гендер бiр-
бiрiнен неғұрлым алшақ орналасса, олардың арасында кроссинговердiң болу мүмкiндiгi соғұрлым 
көбейiп, рекомбинанттардың жиiлiгi арта түседi.
Бiз дрозофила шыбынының денесiнiң қара түсi мен қанатының жетiлмегендiгiн 
анықтайтын гендердiң рекомбинациялану жиiлiгi 17% деп көрсеткенде, бұл шама хромосомадағы 
осы гендердiң арасындағы қашықтықты сипаттайтын болады. Мұндай жағдай жүгерi 
хромосомаларында болатын айқасуға да тән, яғни анықталған 3,6% рекомбинация гомологты 
хромосомалардың екi бөлiмшесiнiң арасындағы болатын жиiлiктi көрсетедi. 
Кроссинговер құбылысы, гендер хромосомада бiр сызықтың бойында, белгiлi бiр ретпен 
орналасады деген тұжырымға әкеледi. Гендер тек сызық бойында орналасса ғана 
рекомбинанттардың пайызы хромосомадағы гендердiң салыстырмалы түрдегi ара-қашықтығын 
көрсете алады. Екi геннiң арасындағы кроссинговердiң жиiлiгiне қарай, хромосомадағы сол 
гендердiң бiр-бiрiнен ара-қашықтығы туралы пiкiр айтуға болдаы.
немесе 
Гендердiң хромосомада орналасу ретiн анықтайтын әдiстердiң сызбажобасы. 
Бұл ұғымның дұрыстығын нақты мысалмен тексеруге болады. Айталық, дрозофилада
j
- жоғары 
қарай қайқайған қанат, 
р
- көздiң қара қошқыл түсi және 
к
- көздiң қызыл түсi сияқты үш түрлi 
мутациялар кездеседi. Зерттеудiң нәтижесiнде бұл мутациялардың бiр хромосомада шоғырланған 
гендерге байланысты екендiгi және осы гендердiң арасында тiркесудiң болатындығы анықталған. 
Жүргiзiлген тәжiрибелер 
j
және 
р
гендерiнiң арасында 6% кроссинговер, ал 
р
мен 
к
гендерiнiң 
арасында 4% кроссинговер болатындығын көрсеттi. Бiрақ бұл мәлiметтер 
j, p 
және 
к
гендерiнiң 
қандай ретпен орналасатындығын айтуға мүмкiндiк бермейдi. 
Бұл мәселенi шешу үшiн 
j
мен 
к
гендерiнiң арасындағы кроссинговердiң процентiн анықтау 
керек. Бұл екi ген арасындағы кроссинговер 10%-ке тең, яғни ол сан бұрынғы алынған (
j
мен 
р
және 
р
мен 
к
) гендердiң арасындағы кроссинговердiң қосындысына тең. Ол дегенiмiз суретте 
к
генi 
р
генiнiң оң жағына қарай орналасуы дұрыс екендiгiн көрсетедi.
Гендердiң хромосомада орналасу орнын анықтау сызбажобасы. 
Осы берiлген мәлiметтерден шығатын қорытынды, айқасудың пайызы гендердiң ара 
қашықтығы мен олардың хромосомада сызық бойына орналасуының функциясы болып 
есептелетiндiгiн көрсетедi, яғни гендер арасындағы кроссинговер жиiлiгi хромосомадағы оларды 
бөлiп тұратын ара қашықтыққа тура пропорционалды және осы мәлiметтердiң негiзiнде 
6% 
4% 



6% 



4% 
6% 
4% 



10% 


хромосомалардың 
генетикалық картасын
жасауға болады. Генетикалық карта деп бiр тiркесу 
тобында болатын гендердiң орналасу сызбажобасын айтады.
Генетикалық карталар гомологты хромосомалардың әр жұбына жеке-жеке жасалады, онда 
хромосомадағы гендердiң орналасу ретi мен бiр-бiрiнен салыстырмалы ара қашықтығы 
көрсетiледi. Бұл ара қашықтықтарды 1% кроссинговерге сәйкес келетiн бiрлiктерде көрсету 
мақұлданған. Бұл бiрлiктердi алғаш рет хромосомалардың картасын құрған Т.Морганның 
құрметiне 
морганида
деп атайды. Генетикалық картаны құруда әдетте, әр объектiге тән гендердi 
белгiлеудiң белгiлi бiр жүйесi қолданылады. Бiрақ карта құрудың жалпы үлгiсi бiрдей. Онда 
мiндеттi түрде тiркесу топтары, гендердiң толық немесе қысқартылған атаулары, хромосоманың 
бiр жақ шетiнен басталатын морганидамен белгiленетiн ара қашықтық көрсетiледi.
Генетикалық тұрғыда бiршама жақсы зерттелген организмдердiң, мысалы, дрозофила 
шыбыны, жүгерi, бұршақ, нейроспоралардың барлық хромосомаларының карталары жасалған 
және оларда бүкiл гендердiң орналасқан орындары көрсетiлген. Қазiргi кезде адамның да барлық 
хромосомаларының генетикалық картасы жасалынып, гендердiң орналасу ретi анықталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет