кодтайтын
мутантты аллельдің пайда болуы; антиаморфты – жабайы типті аллельдің
қызметіне қарама – қарсы.
Гендік мутация организмнің белгілерін көбінесе шамалы ғана өзгертетіндіктен оны
«шағын» мутацияға жатқызады. Ол табиғи жағдайда түрлердің
эволюциялық тұрғыда
икемді болуына мүмкіндік туғызады және селекциялық жұмыста өсімдіктердің жаңа
сортын, жануарлардың тұқымдарын және микроорганизмдердің штаммдарын алу үшін
қажетті материал ретінде пайдаланылады.
Гендік мутацияның негізінен екі түрін ажыратады:
азотты негіздердің орын
ауыстыруына және бір азотты негіздің ДНК құрамынан түсіп қалуына немесе үстеме келіп
қосылуына байланысты болатын мутациялар. Мұндай өзгерістерді нүктелік мутация деп
те атайды. Олар мынандай жолдармен жүреді:
1. Бір пуриннің екіншісімен немесе бір пиримидиннің басқа біреурімен ауыстырылуы.
Мұны транзиция деп атайды.
А Г, Т Ц
2. Пуринді пиримидинге немесе керісінше алмастыру. Оны трансверсия деп атайды.
А Т, А Ц, Г Ц, Г Т
Достарыңызбен бөлісу: