Мендельдiң бұршақпен жүргiзген тәжiрибелерiнен байқалған доминанттылық
құбылысын
толық доминанттылық
деп қарастыруға болады. Егер
F
1
-дегi гибридтердiң
белгiлерi ата және аналық формалардың ешқайсысына толық ұқсамай аралық сипатта
болса
оны толымсыз доминанттылық
деп атайды. Гүлдердiң түстерiн анықтайтын гендер
бойынша болатын толымсыз доминанттылықтың классикалық мысалы намазшамгүл
(
Anthirrhinum majus
) мен түн аруы (
Mirabilis jalapae
) өсiмдiктерiнде жақсы келтiрiлген
(3.4-сурет). Қызыл гүлдi өсiмдiктердi (
АА
) ақ гүлдi өсiмдiктермен (
аа
) будандастырғанда
F
1
-де генотиптерi гетерозиготалы (
Аа
) гүлдерi қызғылт түстi ұрпақ алынған. Сонда,
гетерозиготалы өсiмдiктер (
Аа
) фенотипi жағынан диминантты гомозиготалы (
АА
)
өсiмдiктерден өзгеше болған. суретте көрсетiлгендей толымсыз доминанттылық
жағдайында
F
2
де генотиптер мен фенотиптердiң арақатынасы сәйкес келедi
(1АА:2Аа:1аа), ол толық
Түн аруы өсiмдiгi гүлдерiнiң түсiнiң толымсыз доминанттылық кезiндегi ажырауы
доминанттылықта гетерозиготалар мен доминантты гомозиготалар бiрдей белгiнi
көрсетедi. Бұл фенотип бойынша 3:1 қатынасындай болып ажыраудың өзгеруiне әкеп
соғады.
Достарыңызбен бөлісу: