Дәріс 1. Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері.
Дәрістің мақсаты:
Генетика
курсымен, генетика ғылымының пайда болуы, оның даму
тарихымен және пәннің негізгі зерттеу әдістерімен танысу.
Кілтті сөздер:
Генетика, тұқым қуалаушылық, өзгергiштiк,
пангенезис теориясы, ген,
генетикалық талдау, гибридологиялық талдау.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
1 Кіріпе. Генетика пәні.
2 Генетиканың даму тарихы.
3 Генетиканың зерттеу әдістері.
Кiрiспе. Генетика пәнi
Генетика
барлық тiрi организмдерге тән негiзгi екi қасиеттi -
тұқым қуалаушылық
пен
өзгергiшiктi
зерттейтiн биология ғылымының басты бiр саласы болып есептеледi.
Тұқым қуалау - тiрi организмдердiң аса маңызды ерекшелiктерiнiң қатарына жатады.
Тұқым
қуалаушылық деп - ата-аналарымен олардың арғы тектерi белгiлерiнiң ұрпақтарына берiлуiн және
ұрпақ пен ұрпақтың арасындағы жалғастықты қамтамасыз ететiн қасиеттi айтады. Тұқым
қуалаудың арқасында организмдердiң кейбiр түрлерi миллиондаған жылдар бойы өздерiнiң
ерекшелiктерiн сақтап келе жатыр. Тұқым қуалау көбею процесiмен, ал көбею клетканың бөлiнуi
және оның құрылымы мен функцияларының көшiрмелерiнiң ұдайы өндiрiлуiмен байланысты.
Өзгергiштiк деп - организмнiң бойындағы белгiлер мен қасиеттердiң әртүрлi факторлардың
әсерiнен өзгеруiн айтады. Соған байланысты организмде жаңа белгiлер,
қасиеттер пайда болады
немесе бұрынғылары өзгерiп, кейде тiптi жойылып та кетедi.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергiштiк бiрiмен-бiрi қатар жүретiн, бiр жағынан бiр-бiрiне
қарама-қайшы, сөйте тұра өзара тығыз байланысты процестер. Тұқым қуалаушылық пен
өзгергiштiк туралы iлiм жер бетiндегi тiршiлiктiң пайда болу заңдылықтарын терең де толық
зерттеуге мүмкiндiк бередi.
Ген
- материалдық бөлшек болғандықтан ұрпаққа берiлгенде жойылып кетпейдi,
қайта әр ұрпақ
сайын клетканың бөлiнуi барысында өзiне ұқсас гендердi жасап отырады. Демек, дамуы онымен
байланысты белгiлер де жойылып кетпейдi.
Тағы да бiр айта кететiн мәселе: анасының организмiнде өсiп жетiлген ұрпақ жатырда жатқан
кезiнде кейбiр тұқым қуаламайтын қасиеттердi қабылдай алады мысалы, жұқпалы ауыруларды.
Мұндай белгiлер туа пайда болған деп есептеледi. Нерв жүйесi жетiлген жануарлардың ұрпақтары
арасында бiз бейiмделу реакцияларының ерекше типi функционалдық сабақтастылықты
байқаймыз. Бұған ата-аналарына електеушiлiктi, шартты рефлекс
немесе оқыту мен тәрбиелеу
процесiнде пайда болатын қасиеттердi жатқызуға болады.
Тұқым қуалаушылық құбылысымен қатар генетика пәнi өзгергiштiктi де зерттейдi дедiк.
Өзгергiштiк организмнiң тұқым қуалайтын қасиеттерiнiң әрдайым сақталып отырмауының
көрiнiсi болып табылады. Ол гендердiң өзгеруiне және олардың комбинациясына, сондай-ақ
организмнiң тұқым қуалаушылық қасиеттерiнiң даму процесiнде гендер көрiнiсiнiң өзгеруiне де
байланысты болады. Сонымен тұқым қуалаушылық ұрпақтар жалғасында организмдердiң
ұқсастығын
ғана емес, сондай-ақ айырмашылығын да сақтай алады.
Генетика ғылымының негiзгi мәселелерi және олардың практикалық
маңызы
Генетика тұқым қуалаушылық пен өзгергiштiктiң заңдылықтарын жан-жақты зерттеп, олардың
жетiстiктерiн қоғамды дамыту үшiн пайдаланудың жолдарын шешуде үлкен роль атқарады.
Сондықтан да ол биология ғылымының басқа салаларының iшiнде өте маңызды орын алады.
Генетика ғылымы зерттейтiн төрт негiзгi проблеманы ажыратуға болады:
Генетикалық ақпараттың сақталу проблемасы. Мұнда генетикалық ақпараттың клетканың
қандай құрылымдарында болатындығы және оның қалайша сақталатындығы зерттеледi.
Генетикалық ақпараттың берiлу проблемасы. Генетикалық ақпараттың бiр клеткадан екiншi
клеткаға және ұрпақтан ұрпаққа берiлу заңдылықтары мен механизмдерi зерттеледi.
Генетикалық ақпараттың жүзеге асу проблемасы. Генетикалық ақпараттың дамып келе жатқан
организмнiң нақты белгiлерiнiң қалыптасуына қалай әсер ететiндiгi және бұл жағдайда сыртқы
қоршаған ортамен қандай қарым-қатынаста болатындығы зерттеледi.
Генетикалық ақпараттың өзгеру проблемасы. Генетикалық құбылыстардың типтерi мен өзгеру
себептерi зерттеледi.
Қазiргi генетиканың мiндеттерi тек осы аталған теориялық проблемаларды
зерттеумен ғана
шектелмейдi. Сонымен қатар генетика ғылымының алдында көптеген практикалық мақсаттарға
қол жеткiзудi көздейтiн мәселелер де бар. Генетиканың аса маңызды мәселелерiнiң бiрi
ауылшаруашылық жануарлары мен мәдени өсiмдiктердiң өнiмдерiн арттыратын әдiстердi
iздестiру. Тұқым қуалаушылық пен өзгергiштiктiң заңдылықтарына сүйене
отырып
селекционерлер
жануарлардың
жаңа
тұқымдарын,
өсiмдiктердiң
сорттарын
және
микроорганизмдердiң штаммдарын шығару үшiн қажеттi бастапқы материалды таңдай алады.
Содан кейiн будандастырудың әртүрлi жүйесiн,