Хромосомалар құрылысының ерекшелiктерi цитологиялық әдiстiң көмегiмен зерттелетiнiн
ерекше атап айтқан жөн. Хромосомалар функцияларына және олардың жаңадан өзiн өзi өндiру
механизмдерiне талдау жасау үшiн тұқым қуалаудың цитохимиялық, биохимиялық және
цитогенетикалық әдiстерi де кең түрде қолданылады.
Онтогенетикада гендер әсерiн талдаудың алуан түрлi тәсiлдерi қолданылады: тұқым қуалау
қасиеттерi әр түрлi тканьдердi трансплантациялау, бiр клетканың ядросын екiншi клеткаға
ауыстыру, тканьдердi өсiру әдiсi, клеткалық селекция, эмбриологиялық, иммунологиялық және
талдау жасау т.б.
Молекулалық биология мен молекулалық генетиканың дамуы биополимерлердi зерттеудегi
физика-химиялық әдiстердiң кең қолданылуына байланысты болды.
Талқылауға арналған сұрақтар.
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
2. Генетика биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қашан және қалай қалыптасты?
3. Генетика тарихындағы Мендель ілімінің алатын орны қандай?
4. Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының қосқан үлестерін атаңыз.
5. Генетика ғылымының қазіргі кезде қалыптасқан қандай салаларын білесіз?
6. Генетиканың негізгі зерттеу әдістерін атаңыз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Алиханян С.И., Акифьев А.П., Чернин Л.С., Общая генетика М, 1985
ГершензонС.М. Основы современной генетики. Киев, 1983
Гершкович И. Генетика. М, 1968
Дубинин Н.П. Генетика. Кишинев, 1985
Инче-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции. М, 1989
Лобашев М.Е. Генетика. Изд. ЛГУ, 1967
Мұхамбетжанов К. Генетика және селекция негіздері. Алматы, Санат. 1996
Берсімбаев
Р.І.,
Мұхамбетжанов
К.Қ.
Генетика,
Алматы,
Қазақ
университеті, 2002. 1-бөлім.
Достарыңызбен бөлісу: