Сондықтан егер бәйшешектiң осы қызғылт және ақ гүлдi сорттарын будандастырудан алынған
F
2
өсiмдiктерiн 15
0
-25
0
С температурада өсiрсе, онда өсiрiлген барлық
F
2
өсiмдiктерiнiң 3/4 бөлiгi
қызғылт, ал 1/4 бөлiгi ақ гүлдер болады. Бұл генотип бойынша 1
RR
:2
Rr
:1
rr
қатынасында болатын
ажырауға сәйкес. Егер осындай
F
2
өсiмдiктерi 30
0
-35
0
C температурада өсiрiлсе, онда фенотипi
бойынша ажырау мүлде болмайды:
RR
және
Rr
өсiмдiктерiнiң генотипiндегi
R
генiнiң көрiнбеуi
себептi,
rr
өсiмдiктерi сияқты оларда ақ гүлдi болып өседi. Егер
F
2
-нi 30
0
C айналысындағы
тұрақты температурада өсiрсе, онда
RR
және
Rr
өсiмдiктерi қызғылт гүлдi, ал
rr
өсiмдiктерi ақ
гүлдi болып өседi де, фенотиптiк екi кластың сандық қатынастары 3:1-ден 0:1-ге дейiн болуы
мүмкiн. Ал, зерттеулердi әрi қарай, яғни 30
0
С-тан төмен температурада жүргiзсе, онда белгiлердiң
тұқым қуалауы кәдiмгi моногибридтiк будандастыруға тән 3:1 қатынасындай болады. Мұндай
құбылмалылық сыртқы ортаға, атап айтқанда, температураға байланысты болып отыр. Сыртқы
орта жағдайларына немесе басқа да генотиптiк жағдайларға байланысты пайда болатын мұндай
құбылмалы ажыраулар
түрленбелi пенетранттылық
деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: