Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет35/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

 
4 Плейотропия 
Организмдердiң жеке дамуы барысында кейбiр гендердiң бiр емес бiрнеше белгiнiң 
дамуына әсерiн тигiзетiнi анықталды. Табиғатта кең таралған бұл құбылыс гендердiң 
плейотропиялық
әсерi деп аталады.
Плейотропияға мысалдар келтiрейiк: сабақтары қызыл өсiмдiктердiң гүлдерi қызыл, ал 
сабақтары көк өсiмдiктердiң гүлдерi көбiнесе ақ түстi болады. 
Қоғыр
(
шөмiшгүл
) өсiмдiгiнде 
(
Aquilegia vulgaris
) болатын бiр ғана ген, оның бiрнеше белгiлерiнiң - гүлiнiң қызыл түсiн, 
жапырағының екi жағының да боялуын, тұқым қабығының түссiздiгiн, эндосперманың қоңыр 
болып дамуларын анықтайды. Дрозофиланың ақ көздiлiгiн анықтайтын рецессивтiк ген, оның 
кейбiр iшкi органдарының пiшiнiне, өсiмталдығының кемуiне, өмiр сүру ұзақтығының 
қысқаруына т.б. әсерiн тигiзедi.
Плейотропты құбылыстарда белгiлердiң толық 
коррелятивтi
байланысы байқалады. Егер 
ген организмде пайдалы да, зиянды да белгiлердiң бiр мезгiлде түзiлуiн қамтамасыз ететiн болса, 
онда ол организмнiң құнды белгiлерiн пайдалануға әрекеттенген селекционерлердiң жұмысын 
қиындата түседi. 
Талқылауға арналған сұрақтар 
1.
Гүлдердiң түстерi үш геннiң: 
R, P, S
доминантты аллельдерiнiң комплементарлы жолмен 
әрекеттесуi арқылы анықталады. Мынандай будандастырудан, 
RRppSs

rrPpss
алынатын 
ұрпақтардың қанша бөлiгiнiң гүлдерi боялған болып шығады? 
2.
Егер ұрпағының фенотиптерiнiң арақатынастары а) 9:3:4; б) 9:6:1 болса, олардың ата-аналары 
туралы не айтуға болады? 
3.
Екi жасыл жүгерi өсiмдiгiн будандастырғанда ұрпақтардың 9/16 жасыл түстi, ал 7/16 бояусыз 
болған. Мұны қалай түсiндiруге болады? 


4.
Доминанттылық пен эпистаздықтың бiр-бiрiнен қандай айырмашылығы бар? 
5.
Рецессивтiлiк пен гипостаздық арасындағы айырмашылықты түсiндiрiңiз. 
6.
Айдарлары бұршақ пiшiндi екi тауықты бiр-бiрiмен будандастырғанда 
F
1
-де фенотиптерi 
бойынша айдарларының пiшiнi мынадай арақатынаста болған: 3 бұршақ пiшiндi : 1 жапырақ 
пiшiндi. Ата-аналарының генотиптерi қандай? 
7.
Гендердiң полимерлi әсерiнiң нәтижелерiне генетикалық түсiнiк берiңiз және мысалдар 
келтiрiңiз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет